Subaru Legacy автокөлігінің жаңа буыны

Subaru Legacy автокөлігінің жаңа буыны

Жақында Чикагода өткен автосалонда Subaru Legacy автокөлігінің жаңа буыны таныстырылса, екі айдан кейін Нью-Йорктегі көрмеде жапондардың Outback моделінің қазіргі заманғы түрі көпшілік назарына ұсынылмақ.

Жаңа модель дәстүрлі түрде Legacy универсал көлігінің тұғырнамасына орнатылатын болады. Алайда сыртқы келбеттерінде өзгерістердің болатыны анық. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Outback дизайны қазіргі седандардан біршама басқалау болмақ.

Ал техникалық мүмкіндігі жағынан жаңа Outback моделі Legacy-мен салыстырғанда еш өзгеріссіз қалады. Көлік капоттарының астында 2,5 л және 3,6 л (сәйкесінше 175 ат күші және 256 ат күші) көлемдегі екі бірдей атмосфералық мотор орнатылады. Қос көлік те толық жетекті болмақ, әрі артқы дөңгелектерінің жетектеріндегі электронды түрде басқарылатын муфтыға ие.

Көліктердің қауіпсіздік жағынан жабдықталуы да жаман болмақ емес. Қауіпсіздік жастықтарының толық жиынтығынан бөлек, жаңа Outback моделіне бұрынғысына қарағанда жылдамырақ әрі тиімдірек EyeSight жүйесінің жаңа буыны орнатылатын болады. Соның арқасында Outback көлігі автомобильдердің жолдағы қозғалысын жүргізушіге тұрақты түрде хабарлап тұрғаннан бөлек, көлік өз жолынан шығып кеткен жағдайда автоматты түрде дабыл белгісін қоса алады. Сондай-ақ ол жолдағы басқа да көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын бақылап, қай жерде тежегіш басу керектігін де дер кезінде хабарлайды. Жаңа көліктердің бағалары жөнінде әзірге ешқандай мәлімет жоқ. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: auto.mail.ru

Б. Қосмағамбет