Кептелісті күні бұрын біліп отыратын көлік

Кептелісті күні бұрын біліп отыратын көлік

Көлік төбесінде ұшуға арналған жабдықтама бар. Renault Kwid концептісі Үндістанның Дели автосалонында таныстырылды. 

Бұл үлгі автоұшқыш (ұшу аппаратын автоматты басқаруға арналған құрылғы) жүйесімен жабдықталған екен. Өзге көліктің ізімен өздігінен еріп отыра алады. Күні бұрын белгілі бағдармен жүріп тұрады.

Шағын ұшқыш аппарат әуеде жүргенде жүргізуші мен жолаушы камераның көмегімен экран алдына шығып тұрған сыртқы көріністерді көре алады. Тетікті баса қалсаңыз, өзінің бастапқы жүйесіне қайта оралмақ: көліктегі құрылғылар мен жүргізушіге қажетті ақпараттарды жеткізеді.

Жүргізуші жол үстіндегі кептелісті, осының арқасында, күні бұрын біліп отыра алады, деп жазады  Daily Mail.

Шағын ұшқыш аппарат керек-жарақтар тақтасына (панель) қондырылған планшетті компьютердің көмегімен басқарылады. Көлік есігі жоғары қарай ашылады екен. Сонымен бірге, ол қала ішінде ғана емес, жолсыз аймақтарда да эксплуатацияға лайықталған.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: newsfiber.com

Л. Лига