Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Жаңа жүргізуші куәлігі енгізілмек

Жаңа жүргізуші куәлігі енгізілмек

Жаңа жүргізуші куәлігі енгізілмек

Қазақстанға жаңа жүргізуші куәліктері енгізілмек. Бұл туралы депутаттар мен ішкі істер министрлігі уәкілдерінің қатысуымен болған дөңгелек үстелде жол полициясы басқармасының қызметкері Қанат Сәдуақасов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Жол жүру конвенциясына сәйкес, Қазақстан Республикасына жүргізуші куәліктерінің 7 категориясы: A, В, С, D; BE; СЕ; DE мен 6 бөлімше: А1, В1, С1, D1, C1E мен D1E енгізілмек. Жаңа куәліктердің енгізілуі елімізде мопедтер мен скутерлардың, сондай-ақ, трициклдардың қолданылуын бір тәртіпке келтіреді. "Соңғы кездері елімізде көліктердің бұндай түрлері көбейіп кетті", - деді Қ. Сәдуақасов өз сөзінде.

Сәдуақасовтың айтуынша, жаңа куәліктер жүргізуші куәлігін алғаш рет алған тұтынушыларға берілмек. Ал қолданыстағы куәліктер уақыты біткенге дейін жарамды. Сондай-ақ, жүргізушілер ескі куәліктерін жаңа нұсқасына ауыстыра алады. Жаңа куәліктердің жасалуына қосымша қаражат та қажет емес.

Жаңа заң жобасы толықтай қаралып, үкімет пен парламенттің бекітілуіне жіберілді. Екі палата оны бекіткеннен кейін, президенттің қол қоюымен жаңа заң күшіне енеді. Сәйкесінше, жаңа жүргізуші куәліктері сол уақытта пайда болмақ.

Сурет: Даниял Оқасов©

2669 6
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 27 сәуір 2012, 10:05
Пікірлер
+0
27 сәуір 2012, 12:27

маған Майда аласың деп еді, енді тағы да тапсыратын болдым-ау((

+0
27 сәуір 2012, 15:03

Осы мен алам дегенде неге әйтеуір бір өзгерістер болады.

+0
27 сәуір 2012, 15:33

Жаңасын аласың ғо

+0
28 сәуір 2012, 11:38

ескіміздің уақыты бікеннен кейін аламыз ғой енді бұны :)

+0
28 сәуір 2012, 14:33

ауыстыруына болады го..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...