Онжылдықтың үздік көлігі белгілі болды

Онжылдықтың үздік көлігі белгілі болды

Автокөліктер саласындағы ең беделді журналдардың бірі Top Gear соңғы онжылдықтың үздік көлігін атады.

Журнал 90 жылдардан бері конвейерден шыққан 50 үздік көліктен құралған рейтингті жариялаған. Десек те оның ішіндегі алдыңғы орындарды жаңа модельдер иеленді. Бұл тізім басылымның 20 жылдығына орай шыққан санында жариланды. Үздік көліктердің рейтингі 100 мың адам қатысқан онлайн-сауаланама негізінде анықталған екен.  

Сонымен рейтингтің бірінші орнына 2005 жылы жарық көрген, қазіргі таңдағы әлемдегі ең жылдам Bugatti Veyron ие болды. Ол машинаны мың аттың күшімен қамтамасыз ететін сегіз литрлі турбо қозғалтқышпен жабдықталған. Автокөліктің максималды жылдамдығы сағатына 400 шақырымды құраса, ал сағатына 100 шақырым жылдамдыққа 2,5 секундта-ақ жетеді. Осы күнге дейін Bugatti Veyron көлігінің 300 данасы сатылымға шықты.

Рейтингтің екінші орнына тұңғыш экземпляры 2005 жылы шыққан Volkswagen Golf GTI көлігі жайғасты. Айта кетейік, Golf моделі Volkswagen көлігінің тарихтағы ең сәтті шыққаны болып саналады. Ол қазір ең көп сатылатын көліктердің арасында екінші орында тұр.

1

Үшінші орынды 2003 жылы шыққан Rolls-Royce Phantom иеленді.  

2

Ал осыған дейін Қазақстанның ең қымбат көліктерінің тізімі жарияланған еді. Бұл жерде де бірінші орын 2013 жылғы Bugatti Veyron көлігіне бұйырды. Оның бағасы 2,5 миллион АҚШ долларын құрайды. Ал 350 мың долларлық Rolls-Royce Phantom аталған тізімде тек 10 орынға тұрақтады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: altmachine.ru, wallpaperstop.co

Б. Қосмағамбет