2015 жылы Windows 9 операциялық жүйесі шығады

2015 жылы Windows 9 операциялық жүйесі шығады

Microsoft компаниясы 2015 жылдың сәуір айында Windows 9 операциялық жүйесін жасап шығаратыны белгілі болды. Бұл туралы Windows IT Pro басылымының редакторы Павел Туркотт жеке блогында хабарлап отыр.

Windows 9 операциялық  жүйесі туралы толық ақпарат алда болатын Build салтанатты кешінде мәлім болмақ. Ол сәуір айының 2-сі мен 4-і аралығында АҚШ жерінде өтеді. Осыған дейін ZDNet Windows, Windows Phone және Xbox жүйелерінің жұмысын жақсарту мақсатында 2015 жылдың көктеміне дейін жаңа қадамдарға аяқ басатынын хабарлаған болатын. Ал дәл қазіргі уақытта Windows 9 операциялық жүйесінде қандай өзгерістердің болатыны туралы толық ақпарат жоқ. Кей алып-қашпа ақпараттарға сенсек, жаңа жүйе ерекше бағдарламалармен толыға түспек. Сонымен қатар The Verge мәліметі бойынша, құнды іске асыру (Пуск) мәзірі жандана түспек. Бұл жақында шығатын жаңартылған Windows 8.1 операциялық жүйесінде-ақ орындалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Windows 8 операциялық жүйесі 2012 жылдың 8 қазанында шыққан болатын. Оның басты ерекшелігі мен артықшылығы сенсорлы планшеттер мен өзге құрылғыларда айқын байқалған-ды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: windowsbleu.com

О. Сансызбай