2014 жылы шығатын гаджеттер

2014 жылы шығатын гаджеттер

Жаңа жылда бізді hi-tech құрастырылымында көптеген қызықты жаңалықтар күтіп тұр. Технологиялық премьералар жайлы хабарлап өтейік.

NeurOn

Жоғары технологиялық маска әрқайсымызға да ең қажеттіні бермек – уақыт. Нақтылай келек, жақсы ұйықтап, ал күндіз ширақ жүруіңізді қадағалап, белсенді өмір сүруге мүмкіндік беретін маска. "Кикстартер" жобасының құрастырушыларына сенсек, бұл масканың арқасында адамдар жұмыс өнімділігін арттыратын болады екен. Жоба осы күнге дейін 400 000 доллар жинап үлгерген, десе де оның жүзеге асуына бар болғаны 100 000 сомасында қаражат қажет болған екен. Оның бірінші данасы 2014 жылдың қыркүйек айында шығады деп жоспарланып отыр.

Oculus Rift

Көзге арналған өзгеше гаджеттің мақсаты керісінше, сізге жоғарыда уақыт сыйлайтын NeurOn-ға қарсы жұмыс жасайды, яғни уақытыңызды өткізеді. Ал сол уақытты пайдамен өткізесіз бе, жоқ әлде қызық қуып сабыласыз ба – ол да өз еркіңіз. 2014 жылы Oculus Rift атты көзілдірік шығады. Аталған гаджет ойындаода қолданылатын көзілдіріктерден асып түсіп, ойыншының өзше бір әлемге еніп кетуіне мүмкіндік береді. Онда қайсыбір қаланың зомбиге толған ауданында қашып жүруіңіз де мүмкін, тіпті болмаса шын мәнінде деп қабылдап, шаңғы теуіп үйренуіңіз әбден мүмкін. Көзілдірік маркасын компьютерлік ойындардың белгілі құрастырушысы Джон Кармактың өзі жасап шыққан.

Wireless charging

Біздің өмірімізден сым уақыт өте жоғалып барады. Бірінші кезекте мұндай құбылыс телефонның «басынан» өткен еді. Кейін тіпті ақпарат таратушы кабельдердің де жоғалғанын көрдік. 2014 жыл бұл тізімге мобильді техникамыздың қуаттағышының да сымсыз түрін сыйламақ. Расын айтсақ, мұндай сымсыз құрылғылар бұған дейін де болған. Бірақ оны тек IT саласының мамандары мен кейбір жетілген қолданушылар сатып алатын болған. Ал бүгінгі кезекте оны башаға жария етіп, гаджет түрі ретінде енгізудің аз-ақ алдында тұрмыз.   

iWatch


Apple-ден күтетін тағы бір кереметіміз – сағат. Әрине, құрылғы тек сағат функциясын атқармайды. Басты сұрақ та осы болып отыр. Қазірде бұл компанияның осындай ұсақ құрылғыға кереметтей қызметтерді қоса алу мүмкіндігі бар. Адамдарға ұнаса, бұл компания үшін сәтті қадам болғалы тұр. Apple мұндай сағатты бұған дейін де шығарғысы келгенін айта кетейік, десе де, бұл жаңалық 2014 жылы шығатын болды.

Scanadu Scout


Көпшілік гаджеттерді жеке қызығушылықтары үшін ғана алмайтыны, кейде денсаулығын ойлап алатыны қуантады. Спорт пен спорттық гаджеттердің алдыңғы орынға шығып жатқаны бұған дәлел. Гаджеттер жаңалығының басты шарықтау шегі – Scanadu Scout атты кішігірім ғана гаджетболғалы тұр. Оның көмегімен сіз өзіңіз туралы барлық ақпаратты көре аласыз. Ол арқылы атап айтқанда: жүрегіңіздің соғу жылдадығын, дене температураңызды, қан құрамындағы оттек мөлшері, қысым, тыныс алу жылдамдығы, эмоционалды стресстің деңгейі, т.с.с. Indiegogo.com доменіне құралған жоба парақшасында жобаның 1.6 миллион АҚШ долларын жинағаны жазылған. Гаджеттер 2014 жылдың наурыз айында шыға бастайды. Ал оған дейін интернет арқылы тапсырыс беруге болады.

 Дереккөз: buro247.ru

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: buro247.ru

A. Mustafina