Lexus купесінің бірінші суреттері пайда болды

Lexus купесінің бірінші суреттері пайда болды

Жапондық Best Car журналының иелігінде IS үлгісінің екі есікті нұсқасы саналатын Lexus RC F купесінің бірінші суреттері пайда болды. Жаңа көліктің әлемдік премьерасы келесі жылдың қаңтар айында Детройтта өтетін моторшоуда болады. Айта кетсек, оның Еуропадағы сатылымдары қыркүйек айында басталды.

Күні бұрынғы ақпараттарға сәйкес, артқыжетекті спорткупе 460 аттың күшімен тең келетін көлемі 5 литр болатын және сегіз сатылы автоматты беріліс қорабы бар сегіз цилиндрлі қозғалтқышпен жабдықталады. Бұдан бөлек, Lexus RC F карбон кузовқа, белсенді артқы антиқанатқа, жылдамдыққа байланысты автоматты түрде өзгертетін шабуыл бұрышына, сонымен қатар, Brembo тежегіш механизмдеріне ие болады екен.

RC F купесі өткен жылы париждік моторшоуда таныстырылған Lexus LF-CC концепт-карының стилистикасында құрастырылады.

Айта кетсек, Lexus купесі Mercedes-Benz C 63 AMG, Audi RS5 және BMW M4 секілді көліктерге бәсекелес болады деп күтілуде. Аталған үлгінің құны шамамен 100 мың долларды құрамақ.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: gtspirit.com

Ж. FM