Үйде қуатталатын Италия көлігі

Үйде қуатталатын Италия көлігі

Италиялық Birò автомобилі үйде қуатталады. Estrima компаниясы алынып-салынатын батареясымен батыл қадамдарға барып отыр. 

Ел-жұрт электромобильді күш-қуаты мен аккумуляторының кем қуаты үшін ұната бермейді. Экологиялық тазалық жағын былай қоя тұрып, ең алдымен бұл көлікке арналған жанармай бекеттерінің шектеулі екенін айта кеткіміз келеді. Соған қарамастан, Еуропаның кейбір елдерінде алынбалы-салынбалы батареясы бар электрлік скутер мен велосипедтер көп таралған. 

Электрокардың шектеулі (максимальды) жылдамдығы сағатына 45 шақырымды құрайды. Артқы дөңгелек тұсында 48-вольтты екі бірдей қозғалтқыш орналасқан. Сатып алушыға литий-ионды және литий Макси батареялардың бірі таңдауға беріледі. Әр төрт сағат сайын қуат көзі таусылып отырады. 

Аталған автомобильдің бағасы 15 мың доллар шамасында. 

* * *

Арзан емес болса да, сатып алар ма едіңіз? Сізге қандай көлік түрі ұнайды?

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: subscribe.ru

Л. Лига