iPhone телефонына арналған ең ерекше қаптар

iPhone телефонына арналған ең ерекше қаптар

iPhone 5S жаңа телефонының презентациясына арнап AdMe.ru сайты ең сапалы телефондардың қаптарын таныстырды. iPhone 5S iPhone 5-тен аса айырмашылығы жоқ. Ал егер сіз Apple компаниясының соңғы шыққан өнімінің иесі болғыңыз келсе, оны «киіндіруге» де алдымен мән бергеніңіз жөн. Ендеше біз сіздерге жақын күндері саудаға шығып, қолымызға түсу мүмкіндігі бар iPhone телефонына арналған қаптардың үздік ондығын ұсынбақпыз.

Grove


Бамбук ағашынан жасалған американдық Grove жеп-жеңіл. Онымен қоса сыртында өрнектері мен түрлі кескіндері және суреттері де жоқ емес. Ағаш қаптың сыртына қалағаныңызша тапсырыспен сурет салғызып алсаңыз да болады. Ол үшін болашақ телефон қабыңыздың сыртына салыну керек суреттің сызбасын алдын-ала айтуыңыз керек. Әлемдік баға бойынша тапсырыс $129 сомаға дайындалады.

Whale


Тағы бір сапалы да сәнді телефон қаптарының бірі – Leese Design ұсынған Whalе қабы. Кит тәріздес етіп жасалынған қаптың ілгіші мен құлаққабы және флеш-карта салуға арналған орны бар. Қаптың бағасы - $23.90.

Society6


Society6 сайтынан кез-келген талғамға сай келетін телефон қаптарын табуға болады. Сайтта олардың 2000-нан аса түрлері көрсетілген. Әлем бойынша Society6 қаптарының бағасы $35

iPup


Юн Сеонг Ким есімді корей дизайнерінің туындысы саналатын iPup телефон қабында ілгіші де несиелік картасы да бар. Қаптың бағасы түсіне байланысты $22- $25. Ал жеткізілуі әлемдік бағамен - $4

Coin


Дизайнер Александрос Стасинопулос арнайы арт жағындағы тесікке тиын тығу арқылы тұрғызылатын телефон қаптарын ұсынды.

Gizmon

Камераға әуес адамдар енді өздерін «өтірік» самера қапппен алдаса болады. Ол үшін Gizmon қабының керегі көп. Қап фотоаппартқа көбірек ұқсайды. Қаптың телефонды шығаруға арналған арнайы құрылғысы бар. Телефонды теріс қаратсаңыз, фотоаппарттон аумайды. Қаптың бағасы $60 тұрады. Жеткізіудің әлемдік бағасы - $10.

iMeshi


Strapya компаниясының өнімі саналатын iMeshi жарқын түсті қаптары жапон асханасының тағамдарына ұқсатылып жасалған. Дәмді телефон қаптарының бағасы - $50. Жеткізіліу бүкіл әлем бойынша жұмыс жасайды.

Earonic


Дизайнер Даниэл Гилсанс телефонмен сөйлесуден жалықпайтын тұтынушыларға арнап Earonic қаптарын ойлап тапты. Қапта құлақтың суреттері бейнелеген. Сіздің өз телефоныңызға арнап түрлі-түсті қаптарды таңдауға мүмкіндігіңіз мол. Телефон қабының бағасы - $15. Жеткізілу бүкіл әлем бойынша жұмыс жасайды.

Pantone


Негізгі түстерге құмар адамдар үшін атақты Pantone берндінің өнімдерін қуана ұсынамыз. Бағасы - Цена $39.95.

Taktik


Taktik телефон қабының қара түске лимон жолағы түскен бейнесі жарысқа арналған автомобильдерді еске салады. Қаптың бағасы - $174.9. Жеткізілу бүкіл әлем бойынша жұмыс жасайды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: adme.ru

А. Әбілхан