Алматыда Upgrade Auto Show жарысы өтеді

Алматыда Upgrade Auto Show жарысы өтеді

12 қазан күні «БИПЭК АВТО» алаңында авто тюнинг пен авто даусы бойынша Upgrade Auto Show жарысы өтеді.

Іс-шара ұйымдастырушыларының мәлімдеуінше, маусымның аяқталуы түрлі бағдарламалардың арқасында қызықты әрі есте қаларлықтай болмақ.

Алаңға отандық авто тюнингтің мықтылары сапқа тұрады. Жиналған жұрт уақытты қызықты өткізуі үшін көптеген байқаулар, әсерлі би мен бармендер шоуы, «Red Bull» экстремалдарының шоу бағдарламасы, NEXT ойын зонасы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, дәл осы авто-шоуда, DJ баттлы өтеді Ресей, Украина елдерінен арнайы шақырылған DJ-лері қойған музыканың сүйемелдеуімен дрифт, драгрейсинг чемпиондары өнер көрсететін болады. Аталған жарысқа 200-ден астам автокөлік қатысады деп күтілуде. Кіру тегін.

Айта кетсек, жарыс 12 қазан күні, кешкі сағат 18:00-де басталып, 02:00-ге дейін жалғасады. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: idrive.kz

Ж. FM