Жүкке арналған велосипед-трансформер

Жүкке арналған велосипед-трансформер

Интернет бетіне шыққан өнертабыстар көбіне сызба нұсқа күйінде немесе сурет бетіндегі кескіндеме ретінде қалып жатады.

Жаңа өнертабыс жүк велосипеді ретінде ойластырылған. Нарыққа шығып үлгерген көлік жолаушы тасымал қызметіне қолайлы. Әртүрлі жүк тасуға да ыңғайластырылған. Атауы - "Noomad". 

Бұл велосипедте алдыңғы бір дөңгелектің орнына қос дөңгелек орналасқан. Алдыңғы жағында тасымалға, жүк тиеуге, бала салуға арналған арнаулы бөлік бар. Арнайы қысқыш арқылы бекітіледі (Барлық қысқыштар топтама ретінде берілетін көрінеді). Гидравликалық тежегіші артық күшсіз тежеле береді.

Жүріп тұруға қолайлы болу үшін Noomad велосипед-трансформерінде дөңгелектердің еңкіш тартуының ерекше жүйесі шоғырланған. Бұл дөңгелектердің тез айналуы үшін жасалған екен.

Еуропалықтар велосипедсіз өмірлерін елестете алмайды, ал сіз ше?

Дайындаған: Арыстанбек Фараби 

Сурет: neatorama.com

Л. Лига