Helmet Dawg өндірген Бэтмен-шлем

Helmet Dawg өндірген Бэтмен-шлем

Мотоциклет дулығаларын өндірумен және кастомизациялаумен айналысатын Helmet Dawg компаниясы «Бэтмен» дулығасының жобасын жасап шықты. Жаңа нұсқаны жасау кезінде прототип ретінде GMax GM48S Platinum Series қолданылған. Өндіруші компанияның мәлімдеуінше, дулығаны жай ғана сувенир ретінде емес, сонымен қатар өзінің негізгі қызметі бойынша қолдануға толықтай жарамды екен.

Айта кетсек, Helmet Dawg – мотодулығаларды өндірумен айналысатын мотоциклет дизайнерлік бюросы. Оның басты кеңсесі АҚШ елінің Флорида штатында орналасқан.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: furfurmag.ru

Ж. FM