Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Автокөлікті лизингпен сатып алуда не білуіміз қажет?

Автокөлікті лизингпен сатып алуда не білуіміз қажет?

Автокөлікті лизингпен сатып алуда не білуіміз қажет?

Статистикаға сенсек, еліміздегі жаңа көлік сатып алушылардың 5-8 пайызы осы қаржылай қызмет түрін таңдайды екен. Отандық заңнама бойынша, лизинг арқылы жеке тұлғалар да, сонымен қатар заңды тұлғалар да тауар ала алады.

Лизинг дегеніміз не?

Лизинг – жекелей тұлғалар мен заңды тұлғаларға қымбат тауар сатып алу барысында қаржылай қызмет көрсетудің бір түрі. Егер сіз еліміздегі көптеген қаржылай қызмет ұсынушы компаниялары арқылы автокөлік алғыңыз келсе мынадай кеңестерді білуіңіз қажет.

Сонымен, сіз бұл қызмет түрі арқылы көлік сатып алғыңыз келді.

Бірінші кезекте лизинг беруші тұлғамен көліктің маркасын, бағасын, техникалық шарттарын келісіп алуыңыз қажет.

Бұдан кейін қаржылай қызмет көрсету туралы өтініш жазасыз. Көп жағдайда, лизинг компаниялары шетел автокөліктерін өткізуге мүдделі, себебі көліктің жиі бұзылмауы компанияға да тиімді. Бұл дегеніңіз көліктің бұзылған жағдайында сақтандыру кепілдігі міндетті түрде жеке тұлғаның құқында болуы тиіс деген сөз. Өтінім берген қағазда көліктің барлық сипаттамасын толықтай жазу керек, сонымен қатар тауардың алғашқы пұлы мен үстеме төлемін нақтылай атап өту керек.

Ескере кететін жәйт, еліміздің лизингтік компаниялар шетелдік компаниялар сияқты үстеме ақысыз көлік сата бермейді, міндетті түрде қосымша қаржы төлеуіңіз үшін барлық «жағдайды» жасайды.

Орташа есеппен алғанда елімізде тауар құны бойынша алғашқы жарна 15% және 30%-дың ортасында болады.

Еліміздегі лизинг арқылы тауар берудің тағы бір ерекшелігі, мерзімінде жатыр: Қазақстанда лизинг арқылы көлік сатып алу 3 жылға дейін ғана. Ал егер сіз 5 жылға дейін лизинг мерзімін создырғыңыз келсе компания сіздің айлық жалақыңыз бен қосымша табыстарыңызды растайтын ресми құжат беруіңіз міндетті. Бұдан белгілі болғандай, лизинг арқылы көлік сатып алушы өзінің табысы туралы барынша көп құжат жинауға ұзақ уақыт шығындауы мүмкін.

Лизингтің несиеден айырмашылы

Лизинг жүйесі несие беру жүйесіне өте ұқсас келеді. Ендігі кезекте автокөлікті лизинг арқылы сатып алудың несие алудан негізгі айырмашылықтары туралы айтайық:

- Лизинг келісім-шартында үш жақ қатысады: лизинг компаниясы, көлік алушы және көлік ұсынушы.

- Лизингте түрлі банктер ұсынатын несиенің пайыздары (ай сайынғы комиссия, 0,5%-дан 2%-ға дейін) болмайды.

- Автонесиеге қарағанда жалға беру мерзімі көп болуы мүмкін.

- Лизингтік төлемдер фирма бюджеті арқылы төленетін болғандықтан табыс салығы лизинг алушының қалтасына салмақ түсірмейді.

 Лизинг беру жүйесінің кемшілігі

Лизингтік компания келісім-шарт толтыру барысында оған автокөліктің жағдайы туралы қай уақытта болмасын тексере алу құқығы туралы қағаз қыстырады. Себебі автокөлік алушы лизинг беруші компанияға тауардың толық сомасын төлеп бермейінше өз меншігіне өткізе алмайды. Көлікке уақтылы май құю, бөлшектерін ауыстыру немесе келісім-шартта көрсетілген басқа да ережелер сақталмаса компания автокөлікті қайтарып алуға құқылы.

Ардақ Құлтай

4282 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 09 тамыз 2013, 18:02
Пікірлер
+0
10 тамыз 2013, 09:36

Керекті мәліметтер екен. Рахмет

+0
12 тамыз 2013, 00:19

осылай қарапайым түрде түсіндіріп тұрса ғой, а то терминдермен сөйлеп есті шығарады ғой банкте

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев