BMW i3 электромобилі жарыққа шықты

BMW i3 электромобилі жарыққа шықты

Біз сіздермен осыған дейін BMW компаниясының жаңа BMW i3 электрокары жөнінде ақпараттармен бөліскен болатынбыз. Арада аз уақыт өткеннен соң компания өзінің BMW i3 моделін жарыққа шығарып отыр. Бес есікті, төрт орынды автокөлік 2011 жылы Франкфуртте өткен автокөрмеде ұсынылған концептінің негізгі детальдарын бойына жинаған екен.   

1

Электромобиль қуаты 170 ат күшіне тең электромотормен, литий-ионды аккумулятормен жабдықталып отыр. Бұл аккумулятор арқасында бір рет қуатталып алған көлік 130-160 шақырымды еш қиындықсыз басып өтеді.  

2

Автокөліктің максималды жылдамдығы 150 шақ/сағ. Ал 100 шақ/сағ жылдамдығына жету үшін BMW i3 7,2 секунд уақытын жұмсайды. 

Электромобиль токты қарапайым розеткадан алады. Көлік толық қуатталуы үшін 8-10 сағат уақыт қажет. Ал егер оны арнайы бекетте жасайтын болсаңыз, оған 3-4 сағат уақытыңызды жұмсайсыз.   

3

4

Автокөліктің екінші бір нұсқасына көлемі 650 текше сантиметр болатын қосымша бензинді қозғалтқыш орнатылған. Оның арқасында көліктегі аккумуляторды қуаттайтын генератор іске қосылып, соның арқасында BMW i3 Range Extender моделі 300 шақырымды еңсере алады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: dezeen.com 

Б. Қосмағамбет