Жанды жарнама

Жанды жарнама

Италиялық "Fiat" көлік өнеркәсібі боди-арт стилінің белгілі суретшісі Крейг Трейсимен бірлесе отырып, жаңа "Fiat 500 Abarth" көлігіне жарнама жасады.

Үлкен өнердің, сәнді бағыттың жолына түскен Крейг Трейси адам денесіне сурет салудың хас шебері саналады. Тері үстіне кез келген бейне, не болмаса кескінді түсіру қиындық емес - реалистикалық жан-жануарлар суретінен бастап, жан тербетер пейжазға дейінгі аралықта.

Жарнама жасауға ыстық ықылас таныта отырып, "Fiat" көлік сәнін жасауда ерекше пейіл көрсеткен. 

Суретші әртістер мен акробаттар тобының ортасында бес күнін өткізіп, денелеріне жаңа көліктің бүкіл бөлік, қосымшаларын салып шығыпты. 

Photoshop бағдарламасының көмегінен бас тартып, компания жарнама жасаудың әлдеқайда қызықты түріне ниеттенген. Жобаның басты мақсаты - "Abarth" көлігінің жаңа үлгісін ерекше таныстырылымы. 

Жарнама ойдағыдай жүзеге асып, көңіл қуантып отыр екен.

сурет:a2goos.co

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига