6 дөңгелекті Mercedes Қазақстанға да шығарылады

6 дөңгелекті Mercedes Қазақстанға да шығарылады

Ағымдағы жылдың көктемінде алты дөңгелекті «Гелендваген» көлігін жасап шыққан Mercedes-Benz компаниясы енді аталған көлікті сериялы түрде шығаруды жоспарлап отыр.  Қазақстандықтар да Mercedes-Benz G 63 AMG-ге тапсырыс бере алады.

Марканың ресми дилерінің айтуынша, осы джипке тапсырыс қабылдау уақыты басталып кеткен. Бірақ көлік өндірісі тек 2014 жылы басталады екен. Көлік құны минимум 379 000 евроны құрайды. Бұл жеткізу мен кеден шығындарын есептемегенде. Ал 6 дөңгелекті көлікті кеденнен өткізудің өзі шамамен 180 000 евро болады.

Жалпы есептегенде, осы бір 6 дөңгелекті Mercedes-Benz G 63 AMG-ді иемдену үшін қазақстандықтардың шамамен 560 000-570 000 евроға шығындалуына тура келеді. 

Айта кетсек, аталған көлікке 5,5 литрлі бензинді V8 турбоқозғалтқыш орнатылған. Ал ұзындығы 5 875 мм және салмағы төрт жарым тонна. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vaz2101.ru, kolesa.kz

Ж. FM