Made in Қытай: көшірме көліктер

Made in Қытай: көшірме көліктер

Қытайлықтар автокөлік «клондарын» жасауды тоқтатты. Дәлірек айтсақ, олар танымал еуропалық көліктерді көшірмейтін болды. Оның орнына қытайлық дизайнерлер батыстық модельдердің түрлі ерекшеліктерін біріктіріп, жаңа көлік шығаруда және шебер жасайтындары соншалық кейде нақты қай өндірушіден ұрлағандарын анықтай алмайсың. Сонымен назарларыңызға бастауын батыстан алатын 10 қытайлық автокөлікті ұсынамыз.

– Zotye T600 –


Біздің бірінші клонымыз алдынан Volkswagen Touareg пен Acura RDX-ке және артынан Audi Q5-ке ұқсайды. Бұл бар болғаны 8 сегіз жыл бұрын құрылған Zotye Auto компаниясының T600 моделі.

Өндіруші компания аталған көлікті Hyundai Veracruz платформасы негізінде (лицензия бойынша сатып алынды) шығаратын болады. Көлік капоты астында 140 ат күші бар төртцилиндрлік қозғалтқыш орналасқан.

– Hawtai Boliger S –


Hawtai компаниясы жасаған осы бір кроссовер 2008 жылғы Porsche Cayenne нұсқаларына ұқсайды. Бірақ, автоөндіруші оны мойындар емес. Плагиатқа байланысты тағылған айыптарға қарамастан қытайлықтар екі көлікке ортақ ешнәрсе жоқ есептейді.

Негізі бұл модель 2011 жылы жарыққа шықты, енді Hawtai S спорт нұсқасын көрсетіп отыр. Бірақ, өкінішке орай, көлік қозғалтқышы өзгеріссіз қалған – қуаты 160 ат күшіне тең 1,8 литр. Спортқа ұқсас көліктің 20-дюймдік дискілері ғана бар.

– BYD S7 –


Өз  көліктерін көптеген елдерде сататын компанияның өзге маркалы көліктерге ұқсас моделдерді шығармағаны дұрыс. Бұл кроссовер S7 деп аталады. Ол қуаты 207 ат күшімен бірдей болатын 2 литрлік турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Құны 21 мың евро тұрады (шамамен 170 мың юань).

Бірақ, бұл көлік те плагиат құрбаны нақтырақ айтсақ, кроссовер Lexus RX-тің копиясы.

– BYD Qin –


BYD-нің тағы бір туындысы – алдынан қарағанда Dodge Dart-қа немесе Toyota Corolla Furia концептіне ұқсас келетін Qin көлігі. Модельдің 315 ат қуаты бар күш беретін  құрылысы құрамына 1,5 литрлік «турботөрттік» пен 150 ат күшіне тең электромотор кіреді. Жүзге дейін 6,9 секундта қарқындай алады. Жалпы жаман емес.

– JAC S30 –


Бұдан бұрын Ford F-150-дің клонымен көзге түскен JAC (Jianghuai Auto) қытайлары енді S30 кроссоверін жасап шығыпты. Көлікті алдынан қарағанда Hyundai ix35-тен айнамайды, ал артынан – түрі не кәріс көлігіне, не жаңа Cayenne-ге ұқсас келеді.

Бұл кроссовер өз елінде сатылымға ағымдағы жылдың екінші жартысында шығады. Сатып алушыларға аталған модельді 1,5 литрлік қозғалтқышпен ұсынатын болады. Көлік құны 8,6 мың евроны құрайды.

– Haima M6 –


«М6» болғанымен BMW емес. Бұл – Mazda-ға өте ұқсас көлік. Алғашында осы көлікті шығарытын компания шынымен де жапондықтармен бірлесіп жұмыс істеген екен – ортақ кәсіпорын 1992-2006 жылдар аралығы ұмыс істеген. Содан соң FAW компаниясының қытайлары «Мазда» үлесін сатып алды. Алайда Haima әліге дейін өзінің бұрынғы серіктестерінің технологияларын қолданып келеді. Мәселен, Haima 3 моделіне қолданылатын Mazda 323 шассиі.

Бүгінде Haima көліктерінің құны 9,2 мың евродан басталады.

– Great Wall Haval H7 –


Haval бренді атақты Great Wall компаниясына тиесілі. Аталған компания тек Қытай нарығына арналған джиптерді шығарады. H7 кроссовері – «әр жерден аздап көшіру» принципі бойынша жасалынған автокөліктің шынайы үлгісі. Екі түсті бояудың өзі - Range Rover Evoque. Тіпті алдыңғы шырақтары (қытайлық үлгіде шырақ 180 градусқа айналған) мен бампердегі жарықдиодтық шырақтары,тіпті бампердің өзі ұқсас.

Қалай болғанда да H7 әзірге гибридтік күш беретін құрылысы (қуаты 272 ат кұшіне тең) бар концепт қана. Көліктің сериялық нұсқасы 1,8 және 2,0 бензинді қозғалтқышпен шығарылатын болады.

– Landwind X5 –


Landwind - Jiangling Motor деп аталатын қытайлық холдингке тиесілі марка. Жалпы бұл көлік қытай нарығына жылдың басында шығарылды. Енді аталған маркаға келер болсақ, оның түрі бір жағынан Toyota RAV4-ге, немесе жаңа шыққан Honda CR-V-ға келетін сияқты.

Айтпақшы, көлік 180 ат күші бар екі литрлік Mitsubishi қозғалтқышымен және сегіз сатылы «автомат» қорабымен жабдықталған.

– DongFeng H30 Cross –


Тікелей көшірудің тағы бір үлгісі: жаңартылған H30 Cross-тің иелері нақты қандай модельді үлгі ретінде алғаны түсініксіз - Subaru XV-ні ме әлде VW Cross Polo-ны ма. Subaru-дан шырақтар көшірілген, ал Polo-дан қорғаныс обвескасы алынған. Бірақ көліктің басқа құрылғысы өзінікі болады: компанияның өзі жасаған 115 аттың күші бар алюминий қозғалтқыш, төрт сатылы «автомат» қорабы.  

– Dongfeng EQ2050 M3D – 


Бұл джипті қытай автоқұрылысындағы көшірме жасаудың нағыз «классикасы» деуге келеді. Себебі бұл көлік Hummer брендінің дәл өзі. Шындығына келгенде, Dongfeng деп аталатын бұл джип – қытайлардың әскер мен полицияға арнап жасаған әскери джиптің бейімделген нұсқасы.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: motor.ru

Ж. FM