Президенттердің автокөліктері

Президенттердің автокөліктері

Президенттер қандай көліктермен жүрген? Олардың таңдаулары қандай темір тұлпарларға түсті? Осы және басқа да сұрақтар адам баласын толғандыратыны рас. Әрине, мемлекетті басқарып жүру оңай іс  емес. "Ел басшының көлігі - елдің айнасы". Сондықтан да, басшының темір тұлпары қарапайым болуы мүмкін емес. Ол оның мәртебесіне қайшы келеді. Кеңес заманы кезінде елімізді басқарған басшылардың көліктері жайлы әңгіме өрбітсек.

Лениннің көліктері

Владимир Лениннің гаражында брондалған Rolls Royce тұрды. Ел басшының меншігінде 40 а.к. қозғалтқышы бар Renault, сонымен қатар Delanay Billville пен Turket Mery болды. Бірақ қазіргі кезге дейін Ленниннің 1922-1924 жылдар аралығында мініп жүрген екі Rolls Royce көліктері ғана сақталған екен. Бірінші Rolls Royce Silver Ghost-ты Ленинге 1922 жылы 1850 фунт стерлинге сатып алып берді. Бұл көлікпен ел басшы екі жыл бойы жүрген. Лениннің екінші Rolls Royce көлігі өзге темір тұлпарлардан қатты ерекшеленетін. Оның артқы дөңгелектерінің орнында резеңкеден жасалған шынжыр табан орнатылды. Ал алдыңғы дөңгелектері темірден жасалған жалпақ шаңғыға байланды. Бұл көлікпен Ильич қыс мезгілдерінде жүрді. Бұл Rolls Royce-ты шанаға айналдыру үшін Путилов зауытының механиктері бірнеше ай бойы әлек болып жүрген екен.

"Тюнингтың" осындай түрі көлікті 20 ш/с жылдамдыққа дейін үдеткенімен, Ленин риза болды.

Партия басшысы «Ленинград-1» атты лимузинмен жүрген. Бұл көлік Buick-32-90-ның дәл көшірмесі еді. «Ленинград-1» ешбір брондалудан өтпеген.

ЛЕНИНГРАД – 1

Сталиннің көліктері

Көліктерді таңдаудың ерекше амалын Сталин тапты. Жеке басының қауіпсіздігін қатты ойлаған Сталин қоластындағыларға қауіпсіз көлік құрастыруға бұйрық берді. Осылайша, 1933 жылдан бастап, ЗИС зауыты американдық Packard темір тұлпарының қорғалған нұсқасын жасап шығарады. 1948 жылы Alfa Romeo компаниясы Сталинннің туған күніне заманауи 6С2500 үлгісін тарту еткенімен, ЗИС-тың қауіпсіздігімен тең келетін көлік болмаған. Партияның белді мүшелеріне арналып жасалған алғашқы брондалған көлікті ЗИС зауыты (кейін Лихачев деп өзгертілді) 1940 жылдардың аяғында құрастырды. Бұл брондалған ЗИС-115 еді.

 НИКИТА СЕРГЕЕВИЧ ХРУЩЁВТІҢ  1950 ЖЫЛЫ ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН ЗИС 110 КАБРИОЛЕТІ

МИХАИЛ ГОРБАЧЕВ ПЕН БОРИС ЕЛЬЦИННІҢ МІНІП ЖҮРГЕН КӨЛІГІ

ЗИЛ-41052 (БРОНЕКАПСУЛА)

Кеңес заманында ЗИЛ-41052 көлігінің тек 22 данасы құрастырылған. Бүгінгі күнге дейін тек оны ғана сақталды. Машинаның максималды жылдамдығы – 190 ш/с. 100 ш/с дейін үдеу уақыты – 13 секунд. Көліктің массасы 5,5 тоннаны құрайды. Кеше біз айтып кеткен w-140 шанағындағы "Қабаннан" екі есе ауыр екен. Салыстыру үшін Путиннің мініп жүрген брондалған Mercedes-Benz S600 салмағы жинақталуына байланысты 3-3,5 тоннаны құрайды. Кеңес заманында құрастырылған брондалған көліктердің құпиясын американдықтардың білгісі келді. Бұл тек КСРО құлдырағаннан кейін мүмкін болды. Олар ескі ЗИЛ-ді сатып алып, оны бөлшектеп тастаған.

Бір қызығы, Оралдағы бронетраспортерлар құрастыру зауытында ең алдымен бронекапсула құрастырылып, оның үстіне көліктің элементтері орнатыла бастады. ЗИЛ-41052 көлігінің астында Ф-1 гранатасы жарылғанның өзінде де, жолаушылардың қауіпсіздігі сақталады. Ал көліктің терезелері Калашников автоматының оғына ғана емес, сонымен қатар, снайперлік мылтықтың оғына төтеп бере алады. Көліктің әр есігі 200 келіге тең. Бұндай конструкцияны сериялық өндірісте жасау мүмкін емес болса да, ел басшылары өз қауіпсіздігінен ештеңе аямады.

 ЛЕОНИД БРЕЖНЕВТІҢ СҮЙІКТІ КӨЛІКТЕРІ. ЗИЛ 115

1972 жылы Никсон Брежневке Cadillac Eldorado көлігін сыйға тарту қылды. Коллециядағы 68 көліктің бірі.

Брежневтің сүйікті көліктерінің бірі Rolls-Royce Silver Shadow болды.

Тағы қай президенттің көлігін көргіңіз келеді? Әңгімемізді жалғастыруға дайынбыз.

Суреттер: avtomedont.wordpress.com