Арба үстіндегі үй

Арба үстіндегі үй

Арба үстіндегі әлемдегі ең қымбат үй 3,1 миллион долларға сатылмақ.

Ұзындығы 12 метрге жетіп қалатын eleMMent Palazzo көлігін аустралиялық Marchi Mobile компаниясы құрастырып шыққан. Ішкі әлемі түгелдей дерлік алтынмен апталып, күміспен күптеліпті. Мәселен, 40 дюймді экран жайпақ экран, қозғалыста тұратын бар, алауошақ (камин), жатын бөлме мен табан жылытатын еден, тіпті, төбесіне шығаратын баспалдақ.

"...Осы бір транспорт түрі араб шейхтарының арасында сәнге айналып келеді. Аталған көліктің өздігінен жуылатын қасиеті біраз жайдан хабар беріп тұрғандай", - деп хабар таратуда Daily Mail.

Арба үстіндегі ақ түсті eleMMent Palazzo үйі ендігі таңда кез келген мультимиллионердің немесе атақты жұлдыздардың иелігіне айнала алады.

Үш жарым миллион тұратын үлгісінің ішкі әлемі тұтастай алтынмен көмкерілген...

Cурет:www.businessinsider.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига