Болашақты жақындатқан қондырғы

Болашақты жақындатқан қондырғы

Бүгінгі таңда әртүрлі әрі біртүрлі механизмдерді көзіміз шалып қалады. Әйтсе де, олардың барлығы дерлік бір салада қолданысқа ие.

Таяуда неміс өнертапқышы және суретшісі Ник Новак фантастикалық кинолардан ғана көруге болатын қондырғы жасап шығарған.

Кіші-трактор негізінде салынған машина үстіне үлкен жүкті алып жүре алады. Ник мырза оқыс шешімге батылдық танытып, пайдалы жүк есепті 11 мықты динамика мен гидравликалық лифтен тұратын аудио жүйені пайдаланған. 

Өнертабыс дизайны заманауи әскери техниканың дизайнымен үйлеседі. Мұндай ғажап-машинаны қолданушы өз еркіне қарай қолданысқа енгізе алмақ.

Бірақ, бір дерекке қарайлай бере, аталған дауыс шығаратын танктің ұтымды жасақталған көмескі жарығы (подсветка) ымырт жабыла жақсы көрінетіндігін тілге тиек еткіміз келеді. Неміс аспаны яки ойын-сауық кештері жуық арада осы бір қондырғымен толығып қалар деген ойдамыз.

Сурет:konevidal.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига