Көліктерге ғана көрінетін белгі

Көліктерге ғана көрінетін белгі

Аустралияда Сидней түннелі арқылы бағыт алып бара жатқан үлкен бортты немесе ауыр тіркемелі жүк көліктері ара-тұра қиындықтарға тап болады. Алаңсыз отырған кейбір жүргізушілер ойламаған тұста жоғары бөліктерімен аркаларға тиіп кетіп жатады.

Бұдан көлік иесі де, қала басшылығы да аз шығынға ұшырамаса керек-ті. Сол себепті олар мұндай жағдайдың қайталанбасы үшін “Laservision” компаниясына көмекке жүгініпті.

Нәтижесінде түннелге кірер ауызда жарыққа бөленген "STOP" белгісінің үлкен көрсетілімі тұратын “Lasrevision’s Softstop” жол үсті комбинациясы пайда болған. Бұның бәрі алда-жалда тиемесі жоғары транспорт өте қалған жағдайда қолға алынатын шара.

Көрсетілім (проекция) қажет бола қалған жағдайда су "қабырғасы" арқылы көрініс табады.

Сурет: prikol.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига