Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Классика / Porsche компаниясының тарихы

Porsche компаниясының тарихы

Porsche компаниясының тарихы

Porsche компаниясының негізін қалаған адам - Фердинанд Порше. 1898 жылы Фердинанд «Лонер» атты конструкторлық бюроның бастығы болып, темір тұлпарлардың жобалауын басқарған.

Ал 1906 жылы Порш "Даймлер" компаниясында жетекшілік атқарған. Сол уақытта билікке Адольф Гитлер келген. Сол кезеңде Германия автоөндірісі басынан қиын жағдайларды кешіп, өзінің басты бәсекелесі американдық «Фордтан» басым түскісі келген.  Гитлер 1934 жылы Фердинанд Поршеге халықтың қалтасы көтеретін көлік шығаруға бұйрық берген. Көп ұзамай неміс автосалондарынан  Volkswagen маркалы темір тұлпарлар көрінді.

Екінші дүниежүзілік соғыс  басталып кеткендіктен, Порше әскери техниканың жобалауы мен құрастыруын өз мойнына алған. Соғыстан кейін Фердинанд Франциядағы түрмеге түсіп, біраз өмірін сонда өткізді. Қамаудан босатылған Порше көп ұзамай жаңа спорттық көліктің жобалауын бастап кетеді. Фердинандтың баласы әке жолын қуып, көліктердің жобалауын өз қолына алды. Сөйтіп, Порше  35 а.к. қозғалтқышы бар алғашқы сериялық Porsche 356 құрастырды. 1948-63 жылдары  осы үлгінің 80 мың данасы жарық көрді.

Өткен ғасырдың 70 ж. Porsche құрамындағы үш ірі компания бірігіп, Porsche AG құрды. Ал 1975 жылы жанармайды аз тұтынатын Porsche 924  құрастырылды. 1977 жылдың наурыз айында 8 цилиндрлі Porsche 928 халық назарына көрсетілді.

Порше темір тұлпарлары Париж – Дакар, Ле Ман сынды ірі көлік бәйгелерінде талай рет жеңіске жетіп, авто әуесқойлардың махаббатын жаулап алған. 1995 жылы жарық көрген Porsche 911Targa үлгісі қымбат болғанымен, үлгі өз сатып алушыларын тапты. Porsche компаниясының соңғы үлгілерінің бірі - Porsche Carrera GT. Жеңіл әрі берік металдан жасалған қозғалтқыш көлікті 100 ш/сағ дейін 4 с уақытта үдетеді.

5
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 10 мамыр, 11:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.