Уақытыңыздың 6 дерегі

Уақытыңыздың 6 дерегі
Фото: snim.net

Уақыт – адамзат баласының бір бөлшегі. Біз уақытқа тәуелдіміз. Ал сол уақыттың бізге ыңғайланып жасалған бөлшегі – сағат. Ол арқылы біз күнделікті жұмыс жоспарымызды, өмір сүру қағидаларымызды есептеп отырамыз. Дегенмен осы сағаттың қайда пайда болғаны туралы көп нәрсе біле бермейміз. Ендеше сағат туралы сізге алты қызық дерек береміз.

1. Ең алғашқы сағат пайдаланудың жүйесі біздің дәуірімізге дейінгі он бесінші ғасырда пайда болған. Оны қазба жұмыстары кезінде ежелгі Мысырдан тапқан. Ғалымдардың болжауынша ол кездегі адамдар уақыттың тікелей күнге қатыстылығын есептеген. Яғни жерге тас немесе ағашты тіреп қою арқылы сағаттың дәлме-дәл уақытын табуға тырысқан. Оның көлеңкесі күннің қозғалысына қарай жүріп отырған. 

Бүгінгі күнге дейін жалпы 12 айдың қайдан пайда болғаны туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен аңыздар мен қолжазбалардың арқасында бұл ұғым қалыптасып кеткен. Ал бір сағаттың 60 минуттық бірлігі ежелгі «Аспалы бақ» кешеніне байланысты туындаған деген дерек бар. 

2. XIV-XV ғасырда ең алғашқы аспалы және қол жетімді сағаттар пайда болған. Бірақ ол кездегі сағаттың салмағы өте ауыр болған. Ең алғаш құрастырылған сағаттың бірі темірден ғана тұрған. Кейін уақыт өте келе оларды мыстан әрі ағаштан жасай бастаған. Тек ағаштан жасалған сағат қана жұрттың көңілін қанағаттандырған. 

3. XVІ ғасырдың соңына қарай ғана Галилей бүгінгі сағаттың негізгі үлгісін жасаған. Ал ол үлгіні жасау ғалымның ойына шіркеудегі қоңыраудың ырғалып соғылуынан туындаған. Күнделікті шіркеуге барып жүріп ондағы қоңыраудың желмен бірге ырғалып, ұзын шынжыр арқылы дыбыс беретін әрекеттері ғалымға сағаттың нағыз үлгісін жасап шығуға әсер еткен. 

4. Отты сағаттар. Бұл сағатты Қытай елі ойлап тапқан. Сағаттың жасалуы да қызық. Темір ыдыстың ойық жеріне от жағылып, белгілі бір есепке құрылған биіктікте жіп көлденең тұрған. Ал жіптің екі жағына бірдей салмақтағы тас байланған. Тастың астына дыбыс шығаратын жарты шеңберлі темір ыдыс қойылған. Жіп жанып біткен кезде тастар кезек–кезек түскен және дыбыс шығарған. Осы арқылы қытайлықтар уақыттың қанша болғанын білген. 

5. Ал он үшінші ғасырда қытайдың бұл әдісін еуропалықтар өздерінше жасап шықты. Балауыз шамына уақыт бірліктерін жазып, жанып біткен жеріне дейін уақыттың қанша болғанын есептеп отырған. 

6. Бүгінде сағаттардың жасалу жолы барынша күрделеніп, жаңа технологияға негізделіп кеткен. Бүгінгі таңда әлемде күніне 1 миллиардқа жуық сағат өндіріледі. Ал оның көп бөлігі Жапондарға тәуелді болса, ең қымбаттарын тек швецариялық сағаттар құраған. 

М. Ақан