Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Классика / Иесі тастап кеткен Феррари

Иесі тастап кеткен Феррари

Иесі тастап кеткен Феррари

"Естімеген елде көп" демекші, сіздерге бір қызық айтып берейік. Ferrari маркасы туралы әлбетте, білесіз. Алдымен тарих беттерін парақтап, өндірушімен таныс болайық. Феррари компаниясының негізін бүкіл әлемге аты мәшһүр автоөндіруші 1898 жылы Модема қаласында дүниеге келген Энцо Феррари қалады. Бала кезінен бастап, Энцо көліктерге қызығып, автобәйгелерді сүйіп бақылады.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Феррари CMN (Costruzioni Meccaniche Nazionali) спорттық топтың құрамына еніп, соның сапысында аянбай тер төккен болатын. Кейін 1920 жылы ол «Альфа Ромео» фирмасына орналасып, сынақшы-жүргізуші қызметін атқарып, көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Нәтижесінде Феррари өзінің жеке «Скудерия Феррари» деп аталатын тобын құрып алады. Негізінен команда құрамы «Альфа Ромео» бәйге көліктерін жетілдіру жұмыстарымен айналысып, көптеген жарыс-бәйгелерге қатысатын.

Ал енді негізгі әңгімемізге оралатын болсақ. Компанияның үлгілер қатарындағы ең қымбат әрі танымал көліктердің бірі "Enzo" үлгісі болып табылады. Бағасы бір миллион доллардан асатын темір тұлпардың иесі атану үшін қалтаңыздағы ақшадан бөлек, Феррари автоклубының мүшесі болып, жыл сайынғы түрлі жиындарға қатысуыңыз міндетті. Бұған қоса, сіздің гаражыңызда кем дегенде бір-екі Феррари болуы қажет.

Қолданысқа берілген Энцо үлгісінің жалпы саны - 399. Осындай машинаны Біріккен Араб Әмірлігінде бір-екі жыл бұрын британдық азамат айыппұлдарды төлемегені үшін көлік тұрағына тастап кеткен болатын. Өйткені, бұл мемлекетте айыппұлды өтемеген адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотталып кетуі мүмкін. Өткен аптада сирек кездесетін үлгіні аукционда сатып жібере жаздады. Көлік тұрағында люкс санаттағы темір тұлпарлардың 23 данасы бар. Осы 23 көліктің иесі Біріккен Араб Әмірлігіне барлығы 27 000 АҚШ доллар көлемінде айыппұл қарыз. Көлік бағасы миллионнан асатындар да жоқ емес.

Сурет:.idrive.kz

1712 7
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 02 мамыр 2012, 11:05
Пікірлер
+0
02 мамыр 2012, 12:06

мәссаған :D :D

+0
02 мамыр 2012, 12:08

ақшасы көп қо дим әлгінің :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
02 мамыр 2012, 12:23

қызық екен )

+0
02 мамыр 2012, 12:30

сатып алу керек қой ананы)

+0
02 мамыр 2012, 12:32

сатпайды ғо, иесі бар, құқықтары жоқ сататын

+0
02 мамыр 2012, 12:33

аукционда тұр демеді ме?

+0
02 мамыр 2012, 12:34

иесі бар екені как всегда в последний момент біліп қалады ғо :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...