"ВАЗ" енді "автоматпен"

"ВАЗ" енді "автоматпен"

Бұл тарихи оқиғаны бүкіл пост кеңестік республикалар халқы көп күтіп еді. Енді олардың армандары жүзеге асатын болады. Ресей көліктері "автоматпен" жабдықталады.

Иә, иә, сіз бәрін дұрыс түсіндіңіз. Биылдан бастап "Лада-ВАЗ" көліктері автоматты беріліс қорабымен жабдықталып, нарықтағы өзге шет елдік көліктермен бәсекеге түспек. Өз тарихын сонау 1970 жылы "копейканың өндірісінен" бастау алатын "ВАЗ" зауыты ешқашан да көліктерін "автоматпен" жабдықтамайтын. Зауыт өз басынан бірнеше тарихи оқиғаны өткізіп, күрделі реконструкцияларға тап болып, жұмыс жоспарын толығымен қайта қарастырғанымен кеңес халқы "автоматпен" қамтылған көлікті көздерімен көрмеп еді. Енді бұл олқылықтың орны толмақ.

"Елімізде автоматты беріліс қорабымен жабдықталған ресейлік  Lada Granta темір тұлпары 2012 жылдың аяғына таман ашық саудаға түсетін болады", - деді "БИПЭК АВТО" ЖШС-нің ресми өкілі Борис Морозов.

Морозовтың болжамы бойынша "автоматы" бар Lada көліктерінің бірінші партиясы Ресейде үлкен сұранысқа ие болады. Бұндай жағдай "механикасы" бар үлгілермен де қайталанған болатын. Механикалық беріліс қорабы бар Lada Granta сатылымға өткен жылдың желтоқсан айында түсіп, қалың жұрттың үлкен сұранысына ие болды. "Сондықтан, "механикасы" бар үлгі біздің нарыққа тек осы жылдың мамыр айында түспек. Бұндай кідіріс Ресейдегі көлікке деген үлкен сұраныстың пайда болғанынан орын алып отыр", - деді Морозов өз сөзінде. Бұндай оқиға "автоматы" бар үлгімен де қайталануы әбден мүмкін.


Автоматты беріліс қорабы бар темір тұлпардың бағасы туралы болжам жасауға ғана болады, ал "механикасы" бар үлгіні ресми диллерлер 1,355 (9 мың доллармиллион теңгеге бағалап отыр. Ресейлік БАҚ көздері "АвтоВАЗ" зауытының  конвейерінен автоматты беріліс қорабы бар үлгінің алғашқы партиясы жарық көрді деген ақпарат таратқан болатын.

Енді ресейлік авто өндірушінің жоспарлары өзгермей, барлығы ойдағыдай өтсе, "автоматы" бар Ладаға отыратын күніміз алыс емес. Халқымыз қолда болған шет елдік көліктерден бас тартып, көршіміздің темір тұлпарларына мінуге дайын ба, жоқ па, уақыт көрсетер. Ал сіз бұл туралы не ойлайсыз?

сурет: blog.auto-sklad.com, zr.ru