Жыл көлігі - 2012

Жыл көлігі - 2012

Автоөндірушілер жыл сайын өз көліктерін жетілдіре отырып, түрлі байқауларға қатысудан жалықпайды екен. Бұған дәлел ретінде Еуропада  өткен «Car of the Year» атты темір тұлпарлар бәйгесінің нәтижесін айтуға болады. Жоғарыда айтылған байқауға әдемі әрі техникалық жағынан жетілдірілген көліктер қатысқан. Қандай байқау, сын болмасын, әр бәйгеде өзінің күштілері мен әлсіздері болады емес пе? Бірақ, бұл байқауда әлсіз деп ешкімді айта алмаймыз. Себебі «Car of the Year» байқауына қатысқан темір тұлпарлардың барлығы да үздік көлік деген атаққа сай.

Биылғы «Car of the Year» байқауының жеңімпазы - Opel Ampera. Америка Құрама Штаттарында бұл көлік Chevrolet Volt сауда белгісімен белгілі. "Opel Ampera"-мен бірге үздік көліктер тізіміне: Citroen DS5, Fiat Panda, Ford Focus, Range Rover Evoque, Toyota Yaris пен Volkswagen up енді.

Жыл үздігін 23 елден келген 59 тілші таңдап, өз дауыстарын Opel мен General Motors компанияларының бірлесе отырып шығарған Ampera|Volt үлгісіне берген. Соңғы кездері жыл таңдауларында "жасыл" яғни экологияға зардап келтірмейтін үлгілер басты жүлдеге ие болып жатады. Оның себебі бәрімізге де белгілі шығар. Мысалы, бұл байқаудың былтырғы жеңімпазы тек электр  қозғалтқыштары ғана бар Nissan Leaf болды. Қазіргі жанармай тапшылығын ескеретін болсақ, біздің ойымызша бұл өте дұрыс шешім.

АҚШ-та Chevrolet Volt былтыр ұйымдастырылған "Жылдың жасыл көлігі" атты бәйгеде ұпайлар саны бойынша Nissan Leaf-тан озып, бірінші орынға түсті. Ол "Солтүстікамерикандық жеңіл көлігі 2011" байқауында да үздік атанған еді.

Сонымен, 2012 жылдың үздіктері:

1. Citroën DS5

Citroën DS5

2. Fiat Panda

Fiat Panda

3. Volkswagen Up!

Volkswagen Up

4. Range Rover Evoque

Range Rover Evoque

5. Ford Focus

Ford Focus

6. Toyota Yaris

Toyota Yaris

7. Opel Ampera/Chevrolet Volt

Opel Ampera/Chevrolet Volt

Суреттер: autoevolution.com