Жапондар су тасқынынан қорғайтын кеме жасап шықты

Жапондар су тасқынынан қорғайтын кеме жасап шықты

Жапон елі жыл сайын теңіз тасқыны мен жер сілкінісінің зардабын тартуда. Жан-жағынан төнген қауіп-қатер оларды күн сайын сақтану шараларын ойлап табуға итермелеуде. Онсыз да техникасы ұшқан құстай дамыған елдің ешкім ойлап үлгермейтін тапқырлықтары тәнті етеді.

Жақында жапон ғалымдары жер сілкінісі кезіндегі орасан зор тасқын апатынан сақтану үшін «Паналану кемесін» жасап шықты. Бұл кемені жасаған IHIMU (IHI Marine United) компаниясы арнаулы осы типтегі әртүрлі су апаттарынан сақтану кемелерін жасап шығады. Кезекті eFuture 13000c типті кеме ең бір сәтті зерттеу нәтижесі деп айтуға болады. Дегенмен, бұл су көлігінің нақты құрылғылары мен техникасы әлі жарияланған жоқ.

Бұл алып кеменің әрбіріне 300 адам еркін сыяды. Ұзындығы, кеңдігі, биіктігі жеке-жеке 20 м, 7.5 м, 3 м. Ал ауырлығы 100 тонна. Оның су тасқынына төтеп беру қуаты күшті. Алып толқындардан аударылып-төңкеріліп кеткен күнде де, теңіз тыншыған соң қайта қалпына келу ерекшелігі бар. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baicu.com

Қ. Қауымбек