Бэтменнің көлігі 4,6 миллион долларға сатылды

Бэтменнің көлігі 4,6 миллион долларға сатылды

Бэтменнің аты аңызға айналған көлігі Barrett Jackson аукционында 4,6 миллион долларға сатылып кетті. Сатылымға 1966-1968 жылдардағы сериалға арнап құрастырылған автокөлік қойылған еді. 

Көлік қара, көк түсті және қызыл жолақтармен безендіріліп, әр есігінде Бэтменнің белгісі жапсырылған. Ол сериалда Бэтмен мен Робиннің тұрақты көлігі болып келді. 

Бұл көлік Lincoln Futura негізінде жасалды. Кезінде оны белгілі дизайнер Джордж Баррис 1 миллион долларға сатып алған. Енді ол өзінің бастапқы бағасынан 4,5 есеге қымбат сатылып отыр. Сатып алушының есімі жарияланған жоқ. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: polit.ru

Б. Қосмағамбет