LEXUS LS650 көлігі қайта жарияланды

LEXUS LS650 көлігі қайта жарияланды

TOYOTA компаниясына қарасты TMG (Toyota Motorsport GmbH – Toyota компаниясының Еуропа аймағындағы жарыс алаңының қысқаша аталуы) орталығы жағынан жарияланған LEXUS LS650 көлігі жұрт назарын аударды. Бұл жаңа типті көлік 100km/h жылдамдықты бар болғаны 4.2s меңгереді екен.

Бұл жаңа көлік қазір сынақтан өту басқышында. Көліктің сыртқы көрінісі көркем және LEXUS көлігінің өзіне ғана тән жобалау үлгісі сақталған. Жаңа көлікке орналастырылған құрылғылар оның автокөлік базарындағы орнын бірден-ақ жоғары деңгейге көтеруге сенімді екен.

Жоғарыдағы суреттегі санды мәліметтерге сүйенсек, LEXUS LS650-дің ұзындығы, кеңдігі және биіктігі жеке-жеке 5160*2015*1437mm. Алдыңғы дөңгелек аралығы 295/35 R20, артқы дөңгелек аралығы 345/30 R20. Бұл көлікке 650 ат күшіне тең 5L мотор орналастырылған. Мотордың ең тез айналу жылдамдығы 9000rpm. Ең жоғарғы жылдамдық - 320km/h.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: carbuzz.com

Қ. Қауымбек