Ең жаңа типті «Lamborghini Aventador» көлігі

Ең жаңа типті «Lamborghini Aventador» көлігі

«Lamborghini Aventador» типті төбесі ашылатын автокөлік жақында автокөлік базарында жариялану алдында тұр. Шетел ақпарат көздері «Lamborghini» Италия зауытының алдында бұл жаңа типті көлікті суретке түсіріп алған.

Бұл көлік бұрынғы Aventador LP700-4 Coupe типті нұсқадан өзгертілген. Автокөліктің негізгі ерекшелігі төбесінің еркін ашылып-жабылатындығы болып, адамға мүлде басқа екі түрлі көлік секілді әсер етеді.

(Aventador LP700-4)

Бұл жаңа типті көлікке 6.5 литрлі V12 моторы орналастырылған. Сондай-ақ ең жоғарғы энергия қуаты 690 ат күшіне тең. Сағатына 100km жылдамдықты бар болғаны 3 секундта меңгереді екен.

Суретке қарағанда сыртқы бөлігі қапталып, жасырын ұсталғандықтан, басқа да ерекшеліктерін білу қиындау. Бірақ, бұл көлік Америка уақыты бойынша 12 қараша таңертең ақпарат жариялау мәжілісін өткізіп, көліктің бар болмысы таныстырылады екен. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: avtolog.com

Қ. Қауымбек