Тауда орналасқан ең әдемі 5 ашық бассейн

Тауда орналасқан ең әдемі 5 ашық бассейн
Фото: vogue.ru

Қыста таудағы ауамен демалып, жүзуге болатын және айналасын тау орманы қоршаған бассейндер бар. Әлемдегі ең әдемі тауда орналасқан 5 бассейнді ұсынамыз.

The 7132 Hotel (Швейцария)

The 7132 Hotel бутик-мейманханасы Вальс швейцариялық ұйымдастығында орналасқан. Оның архитекторы Петер Цумтор 60 мың кварц тақтасынан жаныңыз бен тәніңіз демалатын өте әдемі мейманхана салған. Оның ішіне демалтатын 33 spa процедура, жылы ванна және жанды дауыста джаз айтылатын мейрамхана кіреді.

The Hubertus Hotel (Италия)

Бұл мейманханада бассейн – басты көрікті жерге жатады. Оны ең қорқынышты құрылыстың біріне жатқызады, себебі бетоннан жасалған және түбі әйнектелген 25 метрлік бассейн жерден 12 метр биіктікте орналасқан. Оны балқарағайдан жасалған бағаналар тіреп тұр.  

The Aqua Dome (Аустрия)

Бұл атақты жылы шипажай аустриялық Альпідегі екі таудың ортасында орналасқан. Мұндағы жылы су мейманханаға жерден 1865 м тереңдікте орналасқан бұлақтан келеді және ол жалпы ауданы 2200 м болатын барлық бассейнді толтырады.  

The Schwarzer Adler Кitzbuehel (Аустрия)

Бұл мейманхана саяхаттау кезінде үй жайылылығын сағынатын адамдарға ұнайды. Бұл мейманханадағы бассейнде су асты дыбыстық жүйесі қондырылған.

The Hotel Villa Honegg (Швейцария)

Villa Honegg – Швейцариядағы ең кішкентай бутик-мейманхана делінеді. Онда тұруға жоғары сапалы 23 дербес үйдің бірін ұсынады екен.  Мұндағы бассейн Люцерн көлінің жоғарғы жағында орналасқан. 

А. Жапатова