Париж автокөлік жәрмеңкесі: «MCLAREN P1»

Париж автокөлік жәрмеңкесі: «MCLAREN P1»

Париж автокөлік жәрмеңкесінде «MCLAREN»  туы астындағы жаңа типті Р1 бәйге көлігі жарияланды. Бұл көлік - «MCLAREN P1» маркасының жаңа нұсқасы, бұрынғы F1 автокөлігінің жалғасы. Алдағы 1 жыл ішінде нарыққа шықпақ.

Көліктің сыртқы көрінісіне келсек, бұрынғы Р1 бәйгекөлігіне MP4-12C автокөлігінің жобасы сіңірілген. Жаңа нұсқадағы жобалау үлгісі де жоқ емес. Алдыңғы бөлігі ерекше көзге түседі. Үлкен шырақ пен көліктің кеудесінің біріктірілуі адамды қатты баурайды. Шетел ақпарат көздерінің пікірінше, болашақтағы «MCLAREN» жобасындағы F1 бәйгекөлігінің 95 пайыз үлгісі осы көліктен алынуы мүмкін.

«MCLAREN P1» бәйгекөлігіне 3.8 литрлік V8 қос цилиндрлі қысым жоғарылатқыш матор орнатылған. Ең жоғарғы энергия күші 814 ат күшіне тең. KERS программасы арқылы тағы 162 ат күшінің энергиясын қосуға болады. Жалпы энергиясы 976 ат күшімен бірдей. Жаңа типті бұл көлік 100км жылдамдықты 2.8 секундта аяқтайды. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: bbc.co.uk

Қ. Қауымбек