Peel P50 - ең кішкентай көлік (ВИДЕО)

Peel P50 - ең кішкентай көлік (ВИДЕО)

 Қазіргі таңда қаладағы көлік кептелісі өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналды. Сол кептелістерде өміріміздің бірнеше сағатын жоғалтып жатамыз. Егер де халқымыз "Лэнд Крузерлерін" Peel P50 секілді көліктерге алмастырса, көлік кептелісі туралы ұмытуға болатын еді.

Peel Engineering компаниясы өз ісін моторлы қайықтар мен мотоциклдерге арналған қосалқы бөлшектер шығарудан бастаған. Кейін мотоциклдер мен темір-терсектің қасына 3 дөңгелекті мотоарбаша қосылды. Көлемі 50 текше см-ді құрайтын қозғалтқыш мопедтен алынса керек. Мұндай көліктің өлшемдері тым кішкентай – ені бір метр шамасында, ұзындығы 1,3 м. Автокөлік артқы жүріссіз, 3 баспалдақты беріліс қорабымен жабдықталған. Салмағы бар-жоғы 60 келі құрайды. Оған қоса осы автокөлік қала көшелерінде 68 ш/сағ жылдамдықпен зуылдайды екен. Қазіргі таңда Рeel Engineering компаниясы осындай автокөліктің жаңа үлгісін шығармақшы. Әлемдегі экологиялық мәселелерді шешуде осындай көліктің көмегі зор болушы еді. Жанар-жағармайды да көп талап етпейді. Өндірушілердің айтуынша, 100 км жолға бар-жоғы 3 литр жанар-жағармай керек. Қазіргі бензин тапшылығын ескерсек, мұндай көлік өте тиімді болар еді. 

Ал сіз осындай көлікке көшуге дайынсыз ба?

Сурет on.kz сайтынан алынған