«Audi» компаниясының ең танымал 5 автокөлігі

«Audi» компаниясының ең танымал 5 автокөлігі

Германияның «Audi» компаниясы 1909 жылдан бері автокөлік өндірісімен айналысып келеді. Ғасырдан астам тарихы бар компания жыл сайын ірі жетістіктерді бағындырып келеді.

Бүгінде неміс компаниясы шығаратын автокөліктер ыңғайлы, экологиялық таза, әрі сапалы саналып келеді. 2013 жылы компания автокөліктері сатылым бойынша рекордтық көрсеткішке жетті. «Audi» компаниясының автокөліктері көбіне Батыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка елдерінде үлкен сұранысқа ие. Неміс компаниясы седан, купе, жол талғамайтын және спорттық автокөліктер де шығарады. Олай болса компанияның ең көп сұранысқа ие болған көліктері туралы айта отырайық.

«Audi А8»

«Audi» компаниясының бұл автокөлігі 1994 жылдан бастап шыға бастады. Көбіне билік өкілдері мінді. Төрт есікті седанның сыртқы қаңқасы тотығудан сақтау үшін алюминийден жасалған. Одан бергі аралықта бұл көлік түрі әр нұсқада жаңартылып, бүгінге дейін шығарылып келеді.

«Audi ТТ»

«Audi ТТ» 1998 жылдан бастап шығарыла бастады. Басында бұл көлік түрі тәжірибе ретінде жасалып, 320-сы ғана сатылымға шығарылды. Кейіннен үлкен сұранысқа ие болып, көптеп құрастырыла бастады. Бүгінде автокөлік родстер және купе нұсқасында шығып жүр. Соңғы нұсқасы 2015 жылы шықты.

«Audi А3»

Бұл автокөлік алғаш рет 1996 жылы шықты. Қазір сатылымда түрлі нұсқалары (хетчбек, седан, т.б) бар. Сондай-ақ, компания осы автокөлігі үшін ең көп марапаттарға ие болған.

«Audi А6»

«Audi» компаниясының ең көп сұранысқа көліктерінің бірі - «Audi А6». Техникалық сипаттамасы бойынша «Audi А7» нұсқасындағы автокөлікке ұқсайды. Соңғы нұсқасында көліктің салмағы азайтылған.

«Audi А1»

«Audi А1» автокөлігі 2010 жылдан бастап шыға бастады. Араға бір жыл сала Франкфуртте жаңа нұсқасы таныстырылды. Бұл автокөлік «Audi» компаниясының соңғы жылдардағы ең көп сұранысқа ие өнімі.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тұмаудан қалай сақтану керек?
Тұмаудан қалай сақтану керек?
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады