Америкалық ұрланған көлігін 42 жылдан соң тапты

Америкалық ұрланған көлігін 42 жылдан соң тапты

eBay интернет-аукционын ақтарып отырған Америкадағы Техас штатының тұрғыны Роберт Рассел ойда-жоқта 42 жыл бұрын ұрланып кеткен көлігіне ұрынып қалды. 1967 жылы шыққан Austin Healey үшін сатушы 23 мың доллар сұраған екен.

Роберттың айтуынша ол сол сәтте ерекше күйге еніп, бойын сағыныш сезімі билепті. Жақын досынан 3 мың долларға сатып алған көлікті ұрлануынан бір күн бұрын өзінің болашақ жарымен қыдырғанын есіне алып, біраз абдырап қалған екен.

в

Роберт Рассел мен қолды болған Austin Healey

Бір қызығы Рассел көліктің кілтін осы күнге дейін сақтап келген. Осыны дәлел ретінде ұсынуды ойға алған ол сотқа шағымданып, істің анық-қанығын анықтауды сұрады. Бірнеше күннен кейін көліктің ұрланғандығы туралы полицияға жазылған 1970 жылғы арызды да тауып алыпты. Осы құжаттардың негізінде Расселге көлігі қайтарылып берілді. 

Роберттың айтуынша, автоның хәлі жаман емес. Тек тежегіш жүйесі біраз жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұр.

Төмендегі фотослайдта көлікпен және көлік иесімен толығырақ таныс боласыздар:

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: cbslocal.com