Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Ең, ең,ең... / ТОП-10. Интерьері үздік көліктер

ТОП-10. Интерьері үздік көліктер

ТОП-10. Интерьері үздік көліктер

"Сырты бүтін, іші түтін" көліктер қашанда жетістікке жетпейді. Сондықтан автоқұрастырушылар көліктің сыртын ішіне, ішін сыртына сай жасау үшін барын салады. Көлікке мінген жолаушының, не жүргізушінің көзіне оттай болып көрінетін элементтің негізгісі - құрылғылар панелі. Содан кейін, жайлап-жайлап, басқа да элементтерге назар аудара бастаймыз. Есік тұтқалары, пернелердің жұмсақ басылуы т.с.с.
Автоәуесқойлардың пікірлерін зерттеген белгілі Ward's Auto авто басылымы 2012 жылы ішкі салоны үздік шыққан көліктердің тізімін жариялады. 

 

Басылым редакциясының пікірі бойынша, жаңа A7 Sportback үлгісінің интерьері көрсетілген $67,430 соммадан әлдеқайда қымбат. Ол өте тиянақты орындалып, жұмсақ былғарымен қапталған. Ал құрылғылар тақтасына қарасаң, бәрі қарапайым және түсінікті.

Chrysler 300 Luxury 

Chrysler 300 салонының орындалуын еуропалық  Lancia Thema-дан қарап көшірген секілді. Өз тарапынан тек сәл өзгерту енгізіп, лакталған ағаш панельдерін бекіткен сияқты. Егер де  Bentley қарапайым жанұя үшін көлік жасайтын болса, ол осылай көрінуші еді. 
Dodge Dart

Ward's Auto рейтингісіне іліккен Крайслердың екінші седан шанағындағы көлігі. Машина интерьері стильді әрі анық. Ұсақ-түйектерге толы екен. 
Chevrolet Sonic 

Бұл тізімге іліккен General Motors компаниясының жалғыз ғана шағын өлшемді машинасы - Chevrolet Sonic болып табылады. Оның ішкі орындалуы кішкентай көлікті визуалды түрде үлкен етіп көрсетіп, жолаушыны үлкен көлікте отырғандай сезімге бөлейді. Chevrolet Sonic дизайны қарапайым машинаның қымбат болып көріне алатынының айқын айғағы.

Hyundai Accent

Иә, бұл көлік барлығымыздың да көңілімізден шығып жүр. Көшеден көрсек, еріксіз жымиямыз. Өйткені өте әдемі. Сыртқы келбетіне іші де сай. Тізімдегі ең арзан көлік бола тұра, интерьерінің қымбат әрі сапалы орындалуымен көзге түсіп отыр. Тіпті, рөлі де былғарымен қапталып, құрылғылар тақтасында орналасқан бірегей кесінді интерьерге  әдемілік сыйлап тұрғандай.

Hyundai Azera

Hyundai автоөндірушісінің бұл тізімдегі екінші үлгісі орта өлшеміді Azera седаны. Ward's Auto басылымның пікірінше, оның келбеті бағасы мен сапасына өте сай келіп тұр. Бағасы да аса қымбат емес.

Mazda CX-5

Кроссовердің интерьері өте функционалды болып келеді. Артқы отырғыштары бір секунд уақыт ішінде жиналуға үлгереді. Ал ортаңғы құрылғыларды басқару панелі пернелер мен бұғаттауыш түймелерге толы.    

Infiniti JX35

Бұл көлікті мақтай беруден жалықпайтын сияқты қалың жұрт. Ішкі салоны да тамаша, былғары орындықтары да жұмсақ, өзіңді жайлы сезінесің. Ең жақсы ағаш пен былғарының қымбат түрі өте сәнді көрінеді екен. $54,800 көлемде артық ақшаңыз болса, осының бәрі сіздің иелігіңізге өтуі мүмкін. 
Range Rover Evoque

Жанұяға арналған бес орынды артық құрылғылары жоқ әмбебап үлгі. Қымбат әрі салмақты дизайны көлікке ерекше бір дизайн береді.

Volkswagen Beetle

New Beetle үлгісінің екінші ұрпағы техникалық ұсақ-түйектер мен ескі "Жукқа" ғана тән дизайнының керемет үйлесімділігінің жемісі болып табылады. Бұған қоса, көліктегі сан алуан түрлі техникалық құрылғылар жолаушы мен жүргізушінің көңілін көтеріп отырады. Тек аккумуляторы отырмаса болғаны.

Суреттер: usiter.com, auto.bigmir.net

2642 8
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 19 сәуір 2012, 15:12
Пікірлер
+0
19 сәуір 2012, 15:24

Range Rover Evoque-тің интерьері ұнап тұр ;)

+0
19 сәуір 2012, 15:35

маған да сол ұнап тұр))

+0
21 сәуір 2012, 23:06

мағанда сол ұнап тұр)))) :roll:

+0
19 сәуір 2012, 15:51

қап-қара ғой, а так, осындай автокөлікті біреу сыйға берсе қарсы емеспін ;)

+0
19 сәуір 2012, 15:50

Акценттікі тема :)

+0
23 сәуір 2012, 01:56

Бәрін алар едім :)

+0
23 сәуір 2012, 17:00

Қазақстан қашан шығарады екен осындай көліктер :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев