Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Автопойыздар

Автопойыздар

Жеңіл көлікпен (әсіресе тас жолда) келе жатып, қарсы бағытта жүк көлігін байқаған жүргізуші дереу жылдамдықты азайтып, машина тізгінін екі қолмен қыса ұстайды. Бұл табиғи рефлекс болып қалғандай. "КАМаз" , "Мерседес" сияқты үлкен өлшемді жүк көліктер тудыратын бүйір жақтан соғатын желдің жеңіл автокөлікті жол жиегіне ығыстыратынын да байқаған боларсыз. Бірінің артынан бірі келе жатқан 10-15 "Камазды" көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Олар құстың қауырсынындай жеп-жеңіл көлікті ығыстырмақ түгілі, "ұшырып" та жіберуі мүмкін. 

Бүгінгі әңгімеміз алыс-жақын қашықтықтарға қатынайтын шет мемлекеттерде көп кездесетін автопойыздар жайлы болмақ. Оңтүстік пен Солтүстік Австралия штаттарын қосатын тас жолдар құмды әрі шөлейтті болып келеді. Жүздеген шақырым бойы жолда бірде-бір жанармай құю бекеті, кафе, тіпті, жол тәртібін сақтауға арналған белгі де орналаспаған. Сол бекеттердің де қажеті шамалы - көпшілікке белгілі Mack автопойызының 2000 л сиятын жанармай багы бар.

Көліктің маңдай терезесінде орналасқан аппақ шағылыстырғыш кесінділер түнде көрінуі үшін істелген. Әрине түнде мынадай бірнеше он метрге созылған пойызды байқамау қайғылы оқиғаға әкеледі. Жоғарыда айтып өткеніміздей, егер жолда жүк көлігін көрген жүргізуші машинасының жылдамдығын дереу төмендетсе, бұндай автопойыз алдыңыздан шықса, екі есе сақ болу керек. Бұл темір-терсектің алдын кесіп өту мүмкін емес жағдай. Ұзындығы 52 м кем болмайтын автопойыз 100-110ш/с жылдамдықпен келе жатыр делік. Алға қарай ұмтылып жатқан машинаның алдын кесу үшін 75 м қажет, бұған тағы 75 м қосымша қашықтықты қосыңыз. Кім біледі не боларын. Солтүстік Австралия елінің үкіметі туристерге нұсқау ретінде бірнеше ереже ұсынған. Солардың ең маңыздысында былай деп тұр: "Егер сіз 100-110 ш/с жылдамдықпен келе жатқан автопойыздың алдын кесіп өтпек болсаңыз, оның алдында 1 шақырым қашықтықта көліктің жоқ екеніне көз жеткізіңіз"

Стандартты қарапайым автопойыздың ұзындығы шамамен алғанда 18 м. Австралияның жолдарында кездесетін салмағы 80 т машинаның ұзындығы 35 м-ге дейін жетеді. Ал кейбір үлгілер 115 м-ге дейін ұзарған. Marleys Transport компаниясы әлемдегі ең ұзын автопойызды құрап алған. 45 жылжымалы прицептен тұратын авто 610 м ұзындықты көрсетті. Ал 2003 жылы Калгури қаласында жаңа рекорд орнатылды. Ендігі пойыздың ұзындығы 1442 м жеткен. Ал жақында, 2006 жылы Клифтонда жалпы ұзындығы 1474 м болатын автопойыз құрастырылып, әлемдік рекорд орнатылды.

Суреттер: onua.com.ua

2494 4
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 17 сәуір 2012, 17:30
Пікірлер
+0
17 сәуір 2012, 18:42

ұзыыын алып жылан дерсің )

+0
17 сәуір 2012, 18:44

мәәә шұбалшын сияқты :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
18 сәуір 2012, 13:37

қызыыық ;)

+0
19 мамыр 2012, 21:30

Мына ең төменгісі соншама тіркемені сүйреп кетеді деген сенімсіздеу екен. :P

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...