Әлемнің ең үлкен 10 механизмі

Әлемнің ең үлкен 10 механизмі

Массагет.кз оқырмандарының назарына әлемнің ең үлкен механизмдерін ұсынамыз. Бұл тек автокөлік болуы шарт емес, бірақ міндетті түрде механизм болуы керек. Сонымен бірінші ұзындығы 27 километр болатын, Швейцария мен Франция шекарасында орналасқан механизмнен бастауды ұйғардық. Аталған механизм Женева қаласы маңында орналасқан.

1. Бак – Үлкен Адрондық Коллайдер

Бұл зарядты бөлшектер жылдамдытқышы. Физиктердің осы үлкен ойыншығы протондар мен ауыр иондарды (көбіне қорғасындарды) екпіндету мен соғыстыру үшін арналған механизм. Шеңбердің сыртқы ұзындығы шамамен 27 км.

 

2. Ең үлкен порттық кран Қытай портында орналасқан «Тайсунь» атты көтергіш кран

Бұл кран кемені жүктен босатуға арналған. Аталған кран өзінің өте үлкен жүк көтерімділігімен ерекшеленеді. Нақтырақ айтатын болсақ, 20 мың тонна немесе 20 000 000 кг. Және де оның кез келген жүкті 30 метр биіктікке көтеру мүмкіндігі бар.

3. Bagger 288 атты алып экскаватор

Роторлық экскаватор тау жыныстарын өңдеуге арналған. Оның ұзындығы 240 метр, ал биіктігі 100 метрге жетеді. Әрқайсысының ені 4 метрге жететін, жалпы ұзындығы 12 метр болатын шынжыр табанмен (гусеница) жабдықталған. Жылдамдығы сағатына 1 км құрайды. Іші каютамен, дәретханамен, асханамен, жатын бөлмемен, қоймалармен және де автокөліктерге арналған гараждармен жабдықталған. Осы алып механизмнің салмағы 45000 тонна.

4. Wartsila компаниясы кемелерге арналған Wartsila-Sulzer RTA96-C деп аталатын ең қуатты дизельді қозғалтқышты жариялады

Жалғыз қозғалтқыштың салмағы 2300 тоннаны құрайды. Биіктігі 14 метрге жуық, ал ұзындығы 27 метр. Оның қуаты 109 000 ат күшімен бірдей. Жанармай шығыны - сағатына 6300 литр.

5. Ан 225 «Мрия» бүгінде әлемдегі ең үлкен ұшақ

Бұл өте үлкен жүк көтерімділігіне ие көлік ұшағы болып есептеледі. Жүк тасымалдай алатын салмағы максимум 250 тонна, ұшақтың ұзындығы 84 метр, биіктігі 18,1 метр, ал қанаттарының құлашы 88,4 метр.

6. Knock Nevis – әлемдегі ең үлкен мұнай құятын кеме

Knock Nevis өзінің ұзындығымен ерекшеленетін кеме. Оның ұзындығы жарты километрге жуық, ені 70 метр. Бұл көліктің жүк көтерімділігі – 565 мың тонна. Және бір қызықтырарлық жайт, бұл кеме тоқтау үшін 10 километр жерден бастап тежегішті басуы қажет.

7. Кеңестік атомдық су асты кеме «Акула» (Тайфун) әлем тарихында болған су асты кемелердің ең үлкені

Аталған су асты кеменің ұзындығы – 172,8 метр. Ені – 23,3 метр. Су астында болу мерзімі – 4 ай.

8. Caterpillar 797B  - жер бетіндегі ең үлкен карьерлік самосвал

Осы алыптың салмағы шамамен 345 тоннаны құрайды. Максималды жылдамдығы сағатына 67,6 км. Жүк көтерілімділігі 345 тонна. Толығырақ

9. Ең үлкен телескоп

Ең үлкен телескоп Пуэрто-Рико қаласы Аресибтік обсерваториясында орналасқан. Табақшасының диаметрі 305 метрді құрайды.

10. MAUS – жер бетіндегі ең ірі танк

Бұл танк шайқастарға қатыспауына қарамастан жасалынған және бүгінде ең үлкен танктер тізімін көш бастап келеді. Оның салмағы 200 тонна, ұзындығы – 10,1 метр, ені – 3,67 метр болса, биіктігі -3,63 метрді құрайды.

Суреттер: news.nordportal.ru, thoughts-about-life.ru

Ж. FM