Автоэксперт көліктің терезесі мен есігін аяздан қорғайтын бірнеше әдісті атады

Автоэксперт көліктің терезесі мен есігін аяздан қорғайтын бірнеше әдісті атады
Фото: maximonline.ru

Мұздаған терезе, құлып және есік – көлік иелерінің қыста жиі кездесетін мәслесі. Автокөлік сарапшысы Антон Шапарин Sputnik радиосына берген сұхбатында олардан қалай құтылуға болатынын айтты.

Автокөліктің барлық терезелеріне қорғаныс пленкасын жабыстырып, оны аяздан қорғауға болады. Бұл арнайы химиялық су өткізбейтін материал, соның арқасында әйнекке сұйықтық аз түседі, мұз қатпайды және көлікті тазалау оңайырақ. Бұл қыс мезгіліндегі нағыз лайфхак. Терезе сүрткішті аяздан қарапайым әдіспен қорғауға болады – көлік тоқтағасын оны көтеріп қою керек .Сонда олардан аққан су терезеге қатып қалмайды. Терезе сүрткіштер қыста жаңа болуы керек, оларды әр маусымда бір рет ауыстыру керек», - деп кеңес берді сарапшы.

Егер күн суық кезде немесе түнде көлік терезелеріне мұз қатпасын десеңіз оның да жолы оңай.

"Тұраққа қойғанда, көлікте ауа әлі жылы болады, сол кезде төрт терезені жылдам ашып, бір минут ұстап, содан кейін жабу керек. Осылайша көлік тез суып, терезелерге қырау қатпайды", - дейді Шапарин.

Есік пен құлыптың қатып қалуы мәселесін де шешуге болады.

«Есіктердің резеңке беттерін майлау үшін сізге силиконды май қажет және құлыптықатып қалудан қорғау үшін WD-40-ты пайдаланыңыз», - дейді маман.

Т. Раушанұлы