Әлемдегі ең әдемі гиперкар мәлім болды

Әлемдегі ең әдемі гиперкар мәлім болды

2021 жылы Bugatti Bolide Париждегі 36 - автомобиль фестивалінде әлемдегі ең әдемі гиперкар деп танылды. Бұл туралы Bugatti хабарлады.

Гиперкар желісінде титулға үміткер тағы 3 модельдің аты аталмаған. Алайда, жарыс ережесі бойынша жеңіске ұсынылған гиперкарлар "спорттық дизайн мен өнімділігі жоғары және бағасы 60 мың еуродан асатын автомобиль" болуы керек.

Bolide моделі Bugatti шығарған автомобильдердің ең ерекшесі екені айтылды. Спорткарда автоматты өрт сөндіру жүйесі бар.

Модель концепт ретінде 2020 жылдың аяғында ұсынылды. Биыл француздық компания бұл көліктің 40 данасын шығаратыны туралы хабарлады, бірақ олар көпшілігін көшедегі жолдардан таба алмайсыз.

Көліктің салмағы – 1450 кг, қозғалтқышы – 1600 ат күшіне тең. Темір тұлпардың алғашқы шығарылымы 2024 жылы иелеріне жеткізіледі деп жоспарлануда. Бағасы – 4,7 млн доллар.

Гиперкар 100 км/сағ жылдамдыққа 2 секундтан аз уақыт қажет. 200 км/сағ жылдамдыққа 4,36 секундта, 300 км/сағ жылдамдыққа 7,37 секундта, ал максималды жылдамдығы – 500 км / сағ жылдамдыққа 20,16 секундта жетеді.

Сонымен қатар, Audi Q4 E-Tron Sportback фестивальдегі ең әдемі шоу-көлігі, DS Aero Sport Lounge ең әдемі концепция, Mercedes-Benz Vision AVTR футуристік автомобильдер санатындағы ең әдемісі, Maserati MC20 суперкөліктер санатындағы ең әдемі деп танылды.