Tesla электромобилдері АҚШ-та егеуқұйрықтардың жеміне айналды

Tesla электромобилдері АҚШ-та егеуқұйрықтардың жеміне айналды

Америкалық Tesla компаниясының экологиялық тазалығы электромобильдерді егеуқұйрықтардың жеміне айналдырды.

Автокөлік иелері Tesla-ның соя бұршағынан жасалған ток өткізгіш кабельге шағымданған. Оның иісі егеуқұйрықтарды қызықтырады.  Кеміргіштер көліктің ішіне кіріп, кабельді тістеп, машинаның жалпы электр жүйесіне зақым келтіреді. Бір жағдайда кеміргіш көліктің тежеу ​​жүйесін бұзғаны анықталған.

Нью-Йоркт тұрғыны Сара Уильямс бұл мәселемен мамыр айында көлік желдеткішін жөндеу кезінде кездескен. Көлік жөндеушілер зақымдалған сымдардың арасынан өлі егеуқұйрықты тапты.

Жөндеу құны бес мың доллардан асқан (шамамен екі миллион теңге). Әйел өтемақы алу үшін Теслаға жүгінген. Бірақ компания құн төлеуден бас тартқан.

Tesla өкілдері "жеуге болатын сым оқшауын өндіріс ақаулығы деп санамайтындықтан, компания зардап шеккендерге өтемақы төлемейді", - деп мәлімдеді.

"Автокөлік өндірушілердің көпшілігі жаңа көліктерге сымды оқшаулау кезінде мұнай өнімдерінің орнына соя пайдаланады. Бұл арзан әрі қоршаған ортаға қауіпсіз. Бұл материалды пайдалану өндіріс ақаулығы саналмайды", - дейді Tesla қызметінің кеңесшісі Хосе Солис.

Ол бұл істі кепілдік ретінде мойындамайтынын және Tesla барлық қауіп факторларын бақылауға міндетті емес екенін айтты.

Еске сала кетейік, Tesla және SpaceX басшысы Илон Маск қоршаған ортаға қамқорлық жасайтынын бірнеше рет айтқан болатын. Мамыр айында Tesla автомобильдерді битокинге сатудан бас тартты. Маск бұл шешімді тау-кен өндірісі энергияны көп тартатындығымен және атмосфераға көмірсутектердің үлкен шығарындыларын тудыратындығымен түсіндірді.

Т. Раушанұлы