Көлік терезесін жуатын сұйықтық неге түрлі түсті?

Көлік терезесін жуатын сұйықтық неге түрлі түсті?

Күн салқындап, қар түскенде көлік терезесін жуатын арнайы сұйықтық сатып алуға тура келеді. Өйткені қыста көліктің суы қатып, жуу мүмкін емес болады. Дүкенде терезе жууға арналған сұйықтықтың әртүрлі түсі бар.

Әдетте сұйықтық қызыл, жасыл, сары және көк түсті болады. Дегенмен түсінің әртүрлі болуы оның негізгі құрамына қатысы жоқ. Себебі өндірушілер сұйықтықтың түсін оның иісіне сәйкес таңдайды. Кейде өндірушілер сұйықтықтың қату температурасын ажырату үшін әртүрлі түске бояуы мүмкін. 

Мұндай құралдың көбі көк түсті болады. Көк түс нарықта ең арзан бояғыш саналады. Сол себепті арзан сұйықтық көбіне көк түсті болады. Терезе жуатын сұйықтықты таңдағанда құрамына мән беру керек. 





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – 4 DONGELEK