Қараша айында жаңа көліктер саудасы 24% өсті

Қараша айында жаңа көліктер саудасы 24% өсті

Қазақстан автобизнесі ассоциациясының мәліметінше, қараша айында отандық дилерлер 8186 жеңіл автомобиль, 1034 жүк көлігі мен автобус сатқан. 2020 жылдың он бір айында нарық 24% өсіп, 82 683 автокөлік сатылған. 

"Нарық 24 пайыз өскен. Ел арасында танымал көліктердің дефицитіне қарамастан, дилер орталықтары ұтымды ұсыныс пен арзан бағамен сатып алушыларды қызықтыра алды. Жаңа жыл алдындағы жарыс басталғалы жатыр. Екі апта тынымсыз сатылым болады", - дейді Қазақстан автобизнесі ассоциациясының вице-президенті Анар Макашева.

Қараша айында Hyundai көліктері сатылым көрсеткіші бойынша көш басына шықты. Дилерлер Hyundai Trans Kazakhstan зауытының автокөлігін сатып, рекорд көрсеткішке қол жеткізді. Былтырға қарағанда Hyundai көлігін сатып алушылар саны 30% өскен (2166 дана). "СарыарқаАвтоПром" өнеркәсібінің Chevrolet көлігі екінші орында –1865 данасы сатылған. Lada көлігі үштікті түйіндеді. 

4. Toyota – 719 көлік сатылған (сатылым былтырғымен салыстырғанда 43% төмендеген)

5. Kia – 506 (+1%)

6. Volkswagen – 297 (+313%) 

7. JAC  – 296 (+107%)

8. Nissan – 274 (+15%)  

9. Renault – 223 (-15%)

10. Ravon – 151

Chevrolet Nexia моделінің 1004 данасы сатылып, қарашада көш бастады. Осы аралықта 982 Hyundai Accent көлігі сатылған. Үштікке Chevrolet Cobalt (640 данасы сатылды) көлігі де енді. 





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – 4 DONGELEK