ЕҢ СЫРБАЗ
АВТОКӨЛІК
Кино әлемінің аңызы Қазақстанда!
Сүйікті фильміңізді көргенде бас кейіпкер қандай көлікті тізгіндейтінін байқасыз ба? Көлігіңіз болмаса елемеуіңіз мүмкін. Дегенмен бүгінде кино әлемнің ажырамас бөлігіне айналған көліктер бар. Мысалы: Готэм-Ситидің қараңғы көшелерінен көретін бетмобиль; Марти мен Док уақыт шеңберінде саяхаттайтын DeLorean; Старски мен Хатч шақыртуға баратын Gran Torino көлігін айтуға болады.
Бірақ бүгінгі мақаламыз бұл көліктер жайлы емес. Кинода да, өмірде де FBI агенттері, арнайы қызмет өкілдері, кәсіпкерлер, жұлдыздар мен президенттердің сүйікті көлігі туралы айтамыз.
Қай көлік екенін таптыңыз ба?
Дұрыс, бұл Chevrolet Tahoe!

Американың автоөндірісінің жарқын өкілі кино әлемінің ажырамас бөлігіне айналған. Даңқты көлік ел назарында сенімді серік образында қалды. Chevrolet Tahoe-нің жанкүйерлері біздің де елде көп! Өйткені көлікті AllurGroup құрамына кіретін Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" ЖШС өнеркәсібінде құрастырады. Алдымен көліктің тарихына көз жүгіртейік.

Киножұлдыз
Міне, Chevrolet Tahoe кинода бас рөлде сомдап жүргеніне 25 жылдан асты. Ол ешкім ешқашан жеңе алмайтын мығым көлікке айналды! Әркез ешбір қиындыққа қарамастан қуатының арқасында жол талғамайды. Бір сөзбен айтқанда – сөзсіз мықты көлік!
Американың шытырман оқиғалы фильмдер ұнататындар үшін осы ақпараттың өзі жеткілікті болар. Дәл осы үшін де Chevrolet Tahoe-ні АҚШ-та жақсы көреді! Chevrolet Tahoe – нағыз киножұлдыз.
Chevrolet Tahoe көлігінің қатысуымен түсірілген фильмдердің саны көп! Мысалы, 2014 жылы жарық көрген "Америка капитаны: Қысқы сарбаз" (ағылш. Captain America: The Winter Soldier) фильмін тамашалаған әрбір көрермен Chevrolet бас рөлде болғанын байқаған болар. Тіпті, америкалық міншіл кино сыншыларының өзі Chevrolet Tahoe көлігінің қатысуымен өткен эпизодқа "Marvel әлеміндегі ең үздік қуғын" деп баға берді. Фильмдегі қара көлік "S.H.I.E.L.D" ұйымының қызметкері Ник Фьюридің сенімді серігіне айналған.
Nick Fury Tahoe scene
Captain America: The Winter Soldier (2014)
Уилл Смит бас рөлін сомдаған "Жарқын" (ағылш. Bright) фантастикалық фильмінде Chevrolet Tahoe тәртіп сақшыларының сенімді серігі болды.
Bright Tahoe scene
"Bright"(2017)
Жоғары айтылғандай, Chevrolet Tahoe көптеген әлемдік фильмде түсті.
Оны қоя беріңізші, тіпті, Internet cars movie database сайтында "Тахо" түскен кинолардың жеке тармағы бар.


[Фотода Chevrolet Tahoe көлігінің әр уақыттағы түрлері]

Аңыз біздің көшеде
Қостанайда құрастырылатын заманауи Chevrolet Tahoe кез келген санаттағы көліктен мықты екенін дәлілдей алады.
Chevrolet Tahoe жол жиегіне көлікті қою ыңғайлығымен ерекшеленеді. Кез келген кроссовермен жанармайды үнемдеуімен жарыса алады. Спорткар болмаса да қоғамдық жолда ешкімге дес бермейді. Ал трасса мен күрежолда оған тең келетіндер санаулы ғана. Өзінің салмағынан ауыр жүкті тиеп жүруге қауқарлы.
БҰЛ МӘРТЕБЕЛІ КИНО КЕЙІПКЕРІ ЖАҚЫН УАҚЫТТА НҰР-СҰЛТАН, АЛМАТЫ, ШЫМКЕНТ, ҚАРАҒАНДЫ МЕН ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ CHEVROLET РЕСМИ ДИЛЕР ОРТАЛЫҚТАРЫНА ШЫҒАДЫ.
Үнемділік
Аңыз көліктің қуатты қозғалтқышы жанармайды көп тұтынады деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ бұл қате пікір. General Motors компанияның эксклюзив өнімі – Active Fuel Management жүйесі үнемдеудің жарқын үлгісі.

Қажет болған жағдайда қозғалтқыш жарты бөлігін өшіріп, 6 литрлі қозғалтқыштан 3 литрліге айналады. Осының арқасында жанармайды 15% дейін үнемдейді. Chevrolet Tahoe жоғары қуатты аз жұмыс көлемді қозғалтқыштың орнына айрықша өнім жасады. Нәтижесінде жанармай үнемделіп, ауаға түсетін зиян заттардың мөлшері азайды. Бұған қарамастан қозғалтқыштың көлемі артып, жанармай таңдаудан арылды.
Magnetic Ride Control - бұл Chevrolet-тің басқа брендтерде кездеспейтін эксклюзив тағы бір технологиясы. Көліктегі жүйенің сезбектері жолдың жабындысын бақылайды және тіректерді жолдағы жағдайға дереу бейімдейді.

Біздің көшеге жаңа қаһарман керек!
Пәлсапашылар әркім "өмір" деп аталатын фильмнің сценарийін өзі жазады дейді. Бұл дегеніміз, кино кейіпкерлерін өзіміз таңдап, бас рөлді өзіміз сомдаймыз. Ал нағыз қаһармандарға сенімді, қуатты, кербез және жәй ғана мықты көлік қажет.

Қаһармандар аты аңызға айналған Chevrolet Tahoe көлігін таңдайды!
Қазақстандағы Chevrolet Tahoe туралы мына жерден біліп, өтініш қалдырыңыз.