Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?

Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Фото: Tengrinews.kz

Екі ай бұрын Chevrolet бренді жаңа Chevrolet Nexia автокөліктеріне алдын ала тапсырыс қабылдай бастағанын хабарлады. Осылайша сатып алушылар танымал седанды әжептәуір арзанға сатып алатын мүмкіндікке ие болды. Өндіруші компания жаңа көлікті 4 ай ішінде жеткізуге уәде берген.

Алайда Chevrolet бренді бәрін таңғалдырды. Көліктердің алғашқы партиясы 17 қараша күні иелеріне табысталды. Яғни компания уәде берген 4 айдың орнына 2 ай ерте әкелді. Көліктерді иелеріне табыстау рәсімі Allur Auto Astana дилер орталығында өтті. Біз жаңа көлік иелерімен тілдесіп, қуаныштарын бөлістік. Олар бұл көлікті не үшін таңдағанын және жаңа көлік алғанда қандай сезімде болғанын айтып берді.

Су жаңа Chevrolet Nexia көлігінің иесі Бауыржан Әдеков Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Ол алдына ала тапсырыс бергенде уайымдағанын жасырмады, алайда аз уақыт ішінде көлікті алғанына қуанды.

"Екі ай бұрын Allur Auto Astana дилер орталығында алдын ала тапсырыс бердім. Әрине, көлік ұзақ келе ме деп қорықтым. Бірақ көліктің бүгін келгені мен үшін тосынсый болды. Менеджер хабарласып, көлікті табыстайтынын айтты. Шынымен, қуанышты жаңалық!", - деді Бауыржан. Ол көлікті күнделікті жұмысына барып-келу үшін және арагідік отбасымен қала сыртына демалысқа шығу үшін алғанын айтады.

Көліктердің ерте келуі иелері үшін күтпеген жаңалық болды. Содан болар, көлік кілтін Нұр-Сұлтандағы туысқандары келіп алды. Мысалы, Әсел Дәулетова басқа қалада жұмыс істеп жүрген інісінің көлігін алуға келді. Ол қуанышты жаңалықты інісіне әлі айтпапты – оған тосынсый жасайтын ойы бар екен. 

"Бұл біздің отбасымыздағы екінші Chevrolet көлігі. Оның артықшылығы мен қаншалықты қолайлы екенін жақсы білеміз, оған қоса жөндеу жұмысы да, бағасы да арзан, үнемді көлік", - деді Әсел.

Елордада жұмыс істеп жүрген Атырау тұрғыны Асылбек Серіков Chevrolet Nexia көлігін әкесіне сыйлау үшін алдын ала тапсырыспен алған екен.

"Chevrolet Nexia көлігін сатып алғаныма қуаныштымын. Біз бұл көлікті әкемнің туған күніне сыйлық ретінде сатып алдық. Бізге 2-4 айда әкелетінін айтқан. Уақытынан бұрын келгеніне қуаныштымын. Біз үшін күтпеген жаңалық болды", - дейді ол. Сондай-ақ, Асылбек жаңа көлікті таңдаудағы себебін айтты:

"Әкеме сыйлық ретінде түрлі көліктерді қарастырдық. Мен осы жерге келгенде менеджерлер нөмірімді алып қалған. Артынша телефонмен хабарласып, акция жайлы айтып берді. Мен қуана-қуана келістім. Өйткені бұл нарықтағы өз бағасына сай ең жақсы көлік болды", - дейді Асылбек.

Chevrolet Nexia – уақыт пен жол сынынан өткен, қазақстандықтардың сеніміне ие болған көлік. Алдын ала тапсырыс ел арасында қызу талқыланды.

Айта кетейік, Comfort MT+ жиынтығындағы көлігін қараша айынан бастап ЦентрКредит банкінен несиеге алуға болады. Ал алдын ала тапсырыс 31 қараша айына дейін созылады. 

Chevrolet бренді алдағы жоспарын бөлісіп, Алматы және Шымкент қалаларында көліктерді иелеріне тапсыруға дайындалып жатыр.

"Біз Chevrolet брендінің ауқымды философиясын ұстанамыз. Біз үшін әр клиентіміз маңызды! Біз олардың ескертпелеріне құлақ асып, орындауға тырысамыз. Бақытты клиент – біздің негізгі мақсатымыз", - дейді Allur Auto Astana дилер орталығының директоры Жандос Наушанов.

Серіктес материалы

А. Рысдәулет