Әлемдегі ең қымбат автомобиль компаниялары белгілі болды

Әлемдегі ең қымбат автомобиль компаниялары белгілі болды
Фото: finance.rambler.ru

Илон Масктың Tesla акциялары жарты жылда 2,5 есе өсіп, компанияның нарықтық капитализациясын 190 миллиард долларға жеткізді.

Бұл Tesla-ны әлемдегі ең қымбат автомобиль компаниясына айналдырды. Tesla акциялары сауда кезінде 1000 доллардан асты. Сарапшылар мұны Қытайдағы электромобильдерге деген сұраныстың артуымен байланыстырады.

Илон Маск әлем автоөндірісін бағындыра ала ма?

Жыл басында компанияның акциялары 420 доллар болған. Қазір олардың бағасы – 1025 доллар.

Жапонияның Toyota компаниясы нарықтық капиталдандыруы бойынша 182 млрд доллармен екінші орында. Үшінші орынды Volkswagen неміс компаниясы иеленді. Неміс компаниясының нарықтық құны - 75 миллиард доллар.

Төртінші орында – 48 миллиард долларлық тағы бір жапондық Honda. Daimler AG неміс компаниясы 41 миллиард долларлық құны бойынша ең қымбат автомобильдер бестігіне кірді.

Автомобиль мамандарының айтуынша, Tesla акциялары Қытайдағы электромобильдерге сұраныстың күрт өсуіне байланысты қымбаттады. Компанияның Шанхайда зауыт ашуы да маңызды рөл атқарды. Зауыт жыл соңына дейін 100 мың автомобиль шығарады деп жоспарлап отыр.

Т. Раушанұлы