Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Tesla-ның құны 100 миллиард доллардан асты

Tesla-ның құны 100 миллиард доллардан асты

Tesla-ның құны 100 миллиард доллардан асты

Америкалық Tesla компаниясы бағасының құны биржада 100 миллиард доллардан асты. Компания Volkswagen-ді артта қалдырып, әлемдегі ең қымбат автомобиль өндірушілердің арасында екінші орынынға шықты. Бұл туралы  BBC мәлімдеді.

Tesla акцияларының бағасы компания өткен тоқсандық кірістер туралы есеп берген сәттен бастап екі есеге өскен. 22 қаңтарда компанияның акция бағасы 4 пайызға артты.  Қазір Tesla, құны 230 миллиард доллар болатын жапон  авто компаниясы Toyota-дан ғана артта қалып келеді.  Сарапшылар Tesla компаниясының жылдам жетістігін Шанхайда зауыттың ашылуымен және табысты қаржылық нәтижелермен байланыстырады.

Tesla компаниясының басшысы және негізін қалаушы Илон Масктың жалақысы да компания акцияларының бағасына байланысты өседі. Демек, ол миллиондаған доллар пайда тапты.

Тесла бұған дейін Еуропада алғашқы зауыт салу үшін Германиядан  жер сатып алған.

Айта кетейік, 2019 жылы Tesla компаниясы электромобильдерді сатуда рекорд орнатты. 2018 жылы Tesla жеңіл машиналар сатуда Америка базарында осы уақытқа дейін біріншіліктен түспей келе жатқан Toyota Camry мен Honda Accord-тан басып озып, көш басшысына айналған еді. 10 жыл бұрын мұны ешкім елестете алмайтын еді. Жапония автоөндірушілері Америка базарын жаулап алу үшін ондаған жылдар үздіксіз еңбек етті. Кешеге дейін Америка авто компаниялары жапондардан озып кетуді армандамаған да, бұлай болады деп ойламаған. Tesla Model 3 болса мұны бар-жоғы 13 айда жүзеге асырды.

0
Рейтинг: +0

Фото: vk.com
Қосылған күні: 24 қаңтар, 16:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.