Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Қазақстандағы 2020 жылға арналған утилизациялық алым қанша?

Қазақстандағы 2020 жылға арналған утилизациялық алым қанша?

Қазақстандағы 2020 жылға арналған утилизациялық алым қанша?

2016 жылдың қаңтарынан бастап жергілікті автоөндірушілер мен ресми импорттаушылар утилизациялық алым төлеуге міндеттелді. Ол техниканы бастапқы есепке қойған сәтте төленеді.

Утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі АЕК-пен белгіленеді, бұл оның көлемі жыл сайын өседі деген сөз. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңгеге дейін көтерілді.

Алымның базалық мөлшерлемесі 50 АЕК. 2020 жылы ол 132 550 теңгеге тең. Қозғалтқыш көлеміне байланысты үштен (электромобильдер мен қозғалтқыш көлемі бір литрден асқан көліктер үшін) 23-ке дейінгі (көлемі үш литрден асатын көліктер үшін) коэффициент қолданылады.

Мысалы, 2.5 литрлік Toyota Camry-ді елге кіргізгенде төленетін утилизациялық алым мөлшері 1 325 000 теңгені құрайды. Ал қозғалтқыш көлемі 3.5 литрге тең Toyota Sienna үшін 3 048 650 теңге төлеуге тура келеді.

Қазақстанда көліктерге төленетін утилизациялық алым мөлшерлемесі мен төлем коэффициенті:

КҚ-ның түрлері және категориялары Утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі КҚ-на қатысты утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесіне қолданылатын коэффициенттер 2020 жылғы утилизациялық алым сомасы (тг)
1. Өтімділігі аса жоғары G категориясын қоса алғанда, М1 категориясындағы көлік құралдары: жеңіл көліктер
Гибридті күштік құрылымды қоспағанда, электрлі қозғалтқышы бар 50 АЕК 3 397 650
Қозғалтқышының жұмыс көлемі:
1 000 см³-ге дейін 50 АЕК 3 397 650
1 001 см³-ден 2 000 ³-ге дейін 50 АЕК 7 927 850
2 001 см³-ден 3 000 см³-ге дейін 50 АЕК 10 1 325 500
3 001 см³-ден жоғары 50 АЕК 23 3 048 650
2. Өтімділігі аса жоғары G категориясын қоса алғанда, N1, N2, N3 категориясындағы көлік құралдары: жүк көліктері
Толық массасы:
2.5 тоннаға дейін 50 АЕК 7 927 850
2.5 тоннадан 3.5 тоннаға дейін 50 АЕК 15 1 988 250
3.5 тоннадан 5 тоннаға дейін 50 АЕК 15 1 988 250
5 тоннадан 8 тоннаға дейін 50 АЕК 16 2 120 800
8 тоннадан 12 тоннаға дейін 50 АЕК 19 2 518 450
12 тоннадан 20 тоннаға дейін 50 АЕК 21 2 783 550
20 тоннадан 50 тоннаға дейін, ершікті тартқыштардан бөлек 50 АЕК 41 5 434 550
20 тоннадан  50 тоннаға дейінгі ершікті тартқыштар 50 АЕК 11 1 458 050
3. Өтімділігі аса жоғары G категориясын қоса алғанда, М2, M3 категориясындағы көлік құралдары : автобустар
Гибридті күштік құрылымы бар КҚ-ын қоспағанда, электрлі қозғалтқыштары бар 50 АЕК 8 397 650
Қозғалтқышының жұмыс көлемі:
2 500 см³-ге дейін 50 АЕК 8 1 060 400
2 500 см³-ден 5 000 см³-ге дейін 50 АЕК 16 2 120 800
5 000 см³-ден 10 000 см³-ге дейін 50 АЕК 21 2 783 550
10 001 см³-ден жоғары 50 АЕК 27 3 578 850

(М1 категориясы — жолаушы тасымалдау үшін қолданылатын және жүргізуші орнынан бөлек орын саны 8-ден аспайтын жеңіл көліктер;

Материалда Kolesa.kz сайтының мәліметі пайдаланылды

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: ADT.BY
Қосылған күні: 20 қаңтар, 17:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.