"Еуропаның үздік автокөлігі" атануға үміткер маркалар анықталды

"Еуропаның үздік автокөлігі" атануға үміткер маркалар анықталды
Фото: Autos.id

"Еуропаның үздік автокөлігі" конкурсының әділқазылары жыл үздігі атануға үміткер жеті финалистердің тізімін атады. Ал жеңімпаз наурыз айында Женева автосалонында өтетін салтанатты шарада белгілі болды.

Әділқазылар алқасына 23 елдің 60 көлік сарапшысы енген. Олар жаңадан шыққан 35 көліктің ішінен үздік жетеуін анықтады. Олар: BMW 1-Series, Ford Puma, Peugeot 208 және Renault Clio, Toyota Corolla, Porsche Taycan және Tesla Model 3.

Үміткерлер тізіміне төрт BMW (1-Series, Z4, X6, X7), төрт Toyota (Camry, Corolla, RAV4, GS Supra), төрт "Мерседес" (CLA, GLB, EQC, GLS), үш Renault (Captur, Clio, Zoe), екі Porsche (Taycan, 911), екі Mazda (Mazda3, CX-30), екі Skoda (Kamiq, Scala), екі Volkswagen (Golf, T-Cross) және Audi e-tron, DS 3 Crossback, Ferrari F8 Tributo, Ford Puma, Kia e-Soul, Nissan Juke, Opel Corsa, Peugeot 208, Range Rover Evoque, SsangYong Korando, Subaru Forester, Tesla Model 3 көліктері енген еді.

Өткен жылы Jaguar I-Pace кроссовері "Еуропаның үздік автокөлігі" атанды. 

"Еуропаның үздік автокөлігіне" үміткерлер:

BMW 1-Series

Ford Puma

Peugeot 208

Renault Clio

Toyota Corolla

Porsche Taycan

Tesla Model 3

А. Рысдәулет