Instagram АҚШ-та лайктар санын жасыратын функцияны іске қосады

Instagram АҚШ-та лайктар санын жасыратын функцияны іске қосады
Фото: .asere.com

Facebook компаниясына тиесілі Instagram әлеуметтік желісі келесі аптадан бастап АҚШ-та пайдаланушыларының жазбаларына қойылатын лайктар санын жасыратын функцияны сынақ режиміне қосады. Бұл туралы Instagram бас директоры Адам Моссери хабарлаған.

Оның айтуынша қолданушылар өз фото мен видеолары қанша лайк жинағанын көре алады. Бірақ басқа пайдаланушылардың жазбалары қанша лайк жинағанын көре алмайды.

Instagram басшысының айтуынша, мұндағы мақсат қолданушылардың "әлеуметтік бағалауларына" шек қою арқылы әлеуметтік желідегі бәсекені жою.

Бұл функция осыған дейін  Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Ирландия, Италия және Бразилияда сынақтан өткізілген.

Т. Раушанұлы